Бүгін Қызылорда облыстық сотында БҰҰ демократия қорының (UNDEF) қолдауымен сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне арналған «Кінәсіздік презумпциясы» тақырыбында Қызылорда облыстық сотымен бірлескен каскадтық тренинг өткізілді.
2023 жылдың күзінен бастап мұндай каскадтық тренингтер Қазақстан соттарында өткізіле бастады. Сот жүйесінің өкілдері Конституциялық кепілдіктер – қылмыстық процестің принциптері, оның ішінде кінәсіздік презумпциясы бойынша оқытуды қолдап, насихаттап келеді.
Кінәсіздік презумпциясы тек әділеттілік принципі ғана емес, сонымен бірге, әркімнің құқығы болғандықтан, бұл құқықты соғыс, табиғи апаттар, төтенше жағдайлар жағдайында да шектеуге тыйым салынады.
Тренингке Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Бекжанов, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс жүйесі арқылы, Қызылорда облысы прокурорының орынбасары М.Сарпеков, Қызылорда көлік прокуроры С.Сеитжан, Қызылорда облысы ПД АБ бастығы Б.Каппар, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Махамбетов, Экономикалық тергеп тексеру департаментінің басшысы А.Кеңес, облыстық, қалалық, аудандық прокуратура өкілдері, Полиция Департаментінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері және адвокаттар қатысты.
Сарапшылар ретінде заң ғылымдарының кандидаты, «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігінің директоры А.Ибраева, ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының аға оқытушысы Н.Айбар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Е.Алтаев, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі Д.Шәріпбаев қатысты.
Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Бекжанов шараны ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі Д.Шәріпбаев тренингтің мақсаты мен міндеттерін кеңінен айтып өтті.
Заң ғылымдарының кандидаты, «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігінің директоры А.Ибраева «Мемлекет пен азаматтық қоғамның адам құқықтарын қорғау жөніндегі күш-жігерін нығайту» жобасы туралы баяндама жасап, адам құқықтарының тұжырымдамасына және кінәсіздік презумпциясына құқықтардың негізгі элементтеріне тоқталды.
ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының аға оқытушысы Н.Айбар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Е.Алтаев кінәсіздік презумпциясы туралы баяндама жасады.
Шиелі аудандық сотының төрағасы Н.Бекетаев «Кінәсіздік презумпциясы Қазақстан Республикасының Қылмыстық процесінің қағидаты» тақырыбында баяндама жасады.
Тренинг барысында ҚР Конституциясының 77-бабына сай, адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелетіні, бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайтыны, сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы екені, заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайтыны айтылды.
Қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі