«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдастыруымен мәдениет үйі қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сот әкімшісінің басшысы Д.Тайыров заң талаптарын, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу бағытында баяндама жасады.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық тақырыптар бойынша жауаптар алды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты