▪️Талап қоюшы Байқоңыр қалалық сотына жүгініп, жоғары қабатта тұратын жауапкердің пәтерінен су кеткенін, соның салдарынан келген 252 930 теңге материалдық залалды өндіруді сұраған.
▪️Тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен аяқтау жөніндегі құқықтары түсіндірілген. Нәтижесінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін көрсеткен.
▪️Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыға материалдық залалды 2025 жылдың қараша айынан бастап 2026 жылдың тамызына дейін 20 000 теңгеден және 2026 жылдың қыркүйек айына 30 000 теңге төлеуге міндеттенген.
▪️Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, мемлекеттік баж сомасы талап қоюшыға қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Байқоңыр қалалық соты