▪️Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

▪️Сотта анықталғандай, А. көлік құралын алкогольдік мас күйінде басқарып, Қ.-ның басқаруындағы велосипедке соғып, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ әрекетті жасаған.

▪️Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші ауыр дәрежелі алкогольді масаң күйде болған.

▪️Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті іс құжаттарымен толық дәлелденген.

▪️Сот қаулысымен А. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған