Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен азаматша Л.-ға қатысты іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша Л. 15.09.2008 жылғы кәмелетке толмаған ұлы Н. 30.05.2025 жылы сағат 04:40 шамасында, Қызылорда қаласы, Журба көшесінің бойында көлік құралын басқаруға құқығы жоқ күйінде автокөлік басқарған.

 Яғни, Л. ата-ананың міндетін, кәмелеттік жасқа толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, ұлының әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекетке баруына жол берген.

Сот қаулысына сай азаматша Л. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55048 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған