Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен Ы.Ш. қатысты іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, Ы. әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, 2025 жылғы 16 маусымда сағат 23.30 шамасында үйінде зайыбы Ш. қарсы былапыт сөйлеп, отбасының мазасын алып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен. Бұндай әрекетті ол бір жыл ішінде қайталаған.
Азамат Ы.-ның әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен және басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденіп бекітілді.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен Ы. кінәлі деп танылып, 10 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты