Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы 1-бөлігімен қылмыстық терiс қылық жасағаны үшін аз. А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы А. 2025 жылдың 10 сәуір сағат 21:30 шамасында азаматтық некедегі әйелі Ж. үйіне барып, әңгіме барысында араларында айқай-шу шығып, сотталушы ашумен азаматтық некедегі әйелінің сол жақ қабырғасынан, маңдайынан жұдырығымен ұрып-соғып, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіріп, оқиға орнынан кетіп қалған.
Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті өзінің мойындап берген жауабымен, жәбірленушінің дене жарақатын анықтауға қатысты жүргізген сараптама қортындысымен және басқа істегі жинақталған құжаттармен толық дәлелденген.
Сот үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 108-1 бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 50 АЕК мөлшерінде – 196 600 теңге айыппұл салынды.
Қармақшы аудандық соты