Азаматтық процестік заңнамада дауларды шешудің балама түрлері қарастырылған, олар Азаматтық процестік кодексінің 17-тарауында келтірілген.
Осының негізінде тараптардың ымыраға келуі арқылы азаматтық істердің медиация тәртібімен тоқтатылу рәсімдері жиі кездеседі.
Мәселен, өткен аптада аудандық сотта қарыздарды өндіру туралы 7 талап қою медиация тәртібімен тоқтатылған.
Сондай-ақ, некені бұзу туралы 2 талап қою ерлі-зайыптылардың татуласуларына байланысты қараусыз қалдырылған.
Осылайша тараптар істі бітіммен аяқтап, уақыттарын және бір-біріне деген бұрынғы қарым-қатынастарын сақтап қалды. Бұл жоғарыда аталған татуластыру рәсімдерінің қажеттілігі мен тиімділігін көрсетеді.
Арал аудандық соты