▪️Қармақшы аудандық сотында «К» акционерлік қоғамының жауапкерлер Б.мен Р.-дан 2 226 005 теңге берешекті ортақтасқан тәртіпте өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
▪️Тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен реттеу жөніндегі құқықтары түсіндіріліп, нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін көрсеткен.
▪️Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкерлер 2 226 005 теңгені 2025 жылғы 28 қарашадан бастап 2027 жылғы 28 қазанға дейін ай сайын 90 000 теңгеден, 2027 жылғы 28 қарашада 60 005 теңге төлеуге міндеттенді.
▪️Сот ұйғарыммен тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Қармақшы аудандық соты