▪️Байқоңыр қалалық сотында «Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
▪️Шараға Байқоңыр қалалық сотының судьясы А.Казкенов, адвокаттар алқасының адвокаттары және қаржы ұйымдарының өкілдері онлайн режимде қатысты.
▪️Дөңгелек үстел барысында судья А.Казкенов мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мәселесінің өзектілігін атап өтіп, бірлесе жұмыс жасаудың маңыздылығына тоқталып, сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту бағытындағы шараларды жүйелі түрде өткізу қажеттігін тілге тиек етті.
▪️Сонымен қатар, сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың рөлі, сондай-ақ «Сот кабинеті» сервисінің артықшылықтары туралы айтылды.
▪️Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Байқоңыр қалалық соты