Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

 Баспасөз конференциясын Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б.Елшібеков жүргізді.

 Төраға 2025 жылдың 6 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында соттың атқарылған жұмысы бойынша статистикалық мәліметтерді айтып өтті.

 Сот әділдігін жүзеге асырудағы ашықтық, жариялылық принципін жүзеге асыру мақсатында, барлық істер аудио-бейне жазбасы жазу арқылы қаралып жатқанын, сондай-ақ барлық талап қоюлар «сот кабинеті» арқылы түсіп жатқандығын айтты.

 Баспасөз-конференциясы барысында төраға Б.Елшібеков статистикалық мәліметтерге тоқталып, қатысушыларға 2025 жылдың 6 айында 18 азаматтық іс бітімгершілік келісіммен және 232 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылғанын, осы азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж сомалары мемлекеттік бюджеттен талап қоюшыларға қайтарылғанын тілге тиек етті.

 Жиын соңында төраға Б.Елшібеков қатысушыларға алғысын білдіріп, БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді.

 Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған