Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-1-бөлігімен айыпталған С.-ның қылмыстық ісі қаралып, айыптау үкімі шығарылды.
Сотта анықталғандай, сотталушы С. 4 бас киіктің денесін сатып алу арқылы оны заңсыз иемденіп, сақтаған.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес, бұл қылмыстық әрекет ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады.
Сотталушының қылмыстық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, тұрғын үй-жайға тінту жүргізу хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.
Сот үкімімен С. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеусіз, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.