▪️Сырдария аудандық сотында Д.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабы 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Анықталғандай, тексеру жүргізу барысында жеке кәсіпкер Д.-ның азық-түлік сауда дүкенінде арнайы акциздік марка белгілерінсіз темекі өнімдерін сақтағаны анықталған.
▪️Жеке кәсіпкер сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен толық келісетінін, темекі өнімі сату мақсатында сақтағанын растап, енді қайталамайтынын көрсетіп, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
▪️Сот қаулысымен Д.-ға 412 860 теңге айыппұл салынды.
Сырдария аудандық соты