Қармақшы аудандық соты бақылау таңбалары жоқ және өндірушісі белгісіз тауарды сатқаны үшін құқық бұзушы аз.М.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 283 бабы 2 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істі қарады.

Сотпен анықталғандай, Қармақшы аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен жоспардан тыс тақырыптық тексеру жүргізу барысында дара кәсіпкер М.-ның дүкенінде бақылау таңбалары жоқ және өндірушісі белгісіз барлығы 5 дана темекі өнімдерінің сақталып, сатылып жатқаны анықталған.

Дара кәсіпкер сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен толық келісетінін, темекі бұйымының бағасы арзан және халықтың ақшасына қарай сұраныста болғандықтан, сатуға дүкенде сақтағанын көрсеткен.

Сот қаулысымен, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған барлығы 5дана темекі өнімдері жойыла отырып, құқық бұзушыға 412 860 теңге айыппұл салынды.

Қармақшы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған