Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азаматша Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Ж. кафеде А.-ға тиесілі ұялы телефонды сындырып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіріп, оған материалдық залал келтірген.

Сот отырысында Ж. кінәсін ішінара мойындап, отбасылық жағдайларға байланысты бұрынғы жолдасын іздеп кафеге барғанын, сол жерде жанжал орын алғанын, А.-ның жанжалды ұялы телефонына түсіріп тұрғанын көріп, қолынан жұлып алғанын, жанжал барысында ұялы телефон қолынан түсіп кеткенін айтқан.

Сот қаулысымен Ж. ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 137 620 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған