Азамат Д. 2025 жылы 28 маусым сағат 23:40-шамасында Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінде азаматша Н.-ға тиесілі үйдің терезесін сындырып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіріп, материалдық залал келтірген.

Орын алған құқық бұзушылық бойынша полиция инспекторымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігімен азамат Д.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, іс сотқа қарау үшін жолданған.

Сот отырысында Д. кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінішін білдіріп, келтірілген мүліктік шығынды қалпына келтіргенін айтып көрсетті.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, 147-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік, бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру әрекеттері үшін көзделген.

Сот қаулысымен азамат Д. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 137620 теңге айыппұл салынды.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған