▪️Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Азаматтық құқық және процесс» секциясы бойынша семинар өткізілді.
▪️Семинарға Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Жақсылық, облыстық соттың судьялары, қалалық соттардың төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс жүйесі арқылы қатысты.
▪️Алқа төрағасы Ж.Жақсылық семинарды ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, талқыланатын мәселелердің өзектілігін атап өтті.
▪️Қызылорда облыстық сотының судьялары С. Абызбаева және Н. Еламанов сот актілерінің сапасы және хабарламалардың дұрыс жөнелтілуі мәселелеріне тоқталды.
▪️Ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы Г.Сұлтанова сот жұмысын ұйымдастыру бойынша баяндама жасап, бірқатар мәселелерді атап өтті.
▪️Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы С.Умарсерикова мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіру тақырыбында баяндама жасап, сот практикасымен бөлісті.
▪️Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі