Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Құқық бұзушы Байқоңыр қалалық сотының 2021 жылғы2 қарашадағы сот бұйрығына сәйкес, өндіріп алушы Г.-нің кәмелетке толмаған баласын асырап-бағу үшін өзінен ай сайын жалақысынан және (немесе) өзгеде кірісінен ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы бұйрығы нысанында атқару құжатын орындамаған.
Нәтижесінде алиментке қарызы 3 123 157теңгені құраған.
Құқық бұзушы А. сот отырысында кінәсін мойындап, баласы өзінікі екендігіне күмәні болғандықтан, алимент төлеуден жалтарғанын көрсеткен.
Сотта құқық бұзушы А.-ны заңды күшіне енген алимент өндіру жөнінде сот бұйрығын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берілгені анықталды.
Құқық бұзушы А. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік қамақ түріндегі жаза қолданылды.
Байқоңыр қалалық соты