Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Байқоңыр қалалық сотының2023 жылғы 17 мамырдағы бұйрығына сәйкес жауапкер А.-дан талап қоюшы Т-ның пайдасына 1/3 бөлікте алимент өндіру туралы атқарушылық құжаты жеке сот орындаушының өндірісіне 2023 жылғы 19 мамырда тіркеліп,атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулысы қабылданған.
Қазіргі кезде алимент бойынша берешегі 1 135 368 тенге.Атқарушылық іс жүргізу барысында жауапкердің мүліктік жағдайы тексеріліп, жауапкер А.-ның атына тіркелген мүліктері анықталмаған. Жеке сот орындаушы жауапкерге бірнеше рет сот шешімін орындау туралы хабарлап, жауапкерден түсініктер мен міндеттемелер алған. Жауапкер А. сот шешімін орындамаған.
Құқық бұзушы А. сотта жұмысы болмауына байланысты алиментті төлей алмағанын, алдағы уақытта төлеп құтылатынын көрсеткен.
Сот құқық бұзушы А.-ны ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігінде көзделген баппен кінәлі деп танып, 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға қаулы етті.
Байқоңыр қалалық соты