Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстандағы әрбір балаға Ұлттық қордан қаржы бөліне бастады. Биыл екінші жыл қатарынан аударылған қаржы жинағының мөлшері дәл бүгінгі күнге бір балаға 232 доллар 94 центке жетті.
Осы орайда ел ішінде әлде де осы нысаналы жинаққа байланысты сауалдар баршылық. Көп көкейіндегі көп сұрақтың жауабын білу үшін “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының” Қызылорда облыстық филиалының директоры Арнұр Дәденұлымен сұхбаттасқан едік.
– 2024 жылы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың есебі қандай болды?
– Өткен жыл қорытындысы бойынша БЖЗҚ-ға Қазақстанның азаматы болып есептелетін барлық балалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлтты қорынан қаражат есептелді.
БЖЗҚ-ның «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорының мәліметтеріне сәйкес, бағдарламаға 6 921 035 бала қатысты. Бұл қатарға 2025 жылы 18 жасқа толатын 324 430 жасөспірім де кірді. Олар өздерінің нысаналы жинақтарын тұрғын үйге немесе білім алуға пайдалану құқығын кәмелетке толғаннан кейін бірден қолдана алады.
Ұлттық қордың алдыңғы 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісі шамамен 1,78 млрд АҚ доллары. Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50% – бұл есепті жылдағы нысаналы талаптардың сомасы – 888,8 млн. АҚШ доллары.
БЖЗҚ бір балаға тиесілі нысаналы талаптардың есебін ҚР ҰБ есептеген нысаналы талаптардың жалпы сомасы мен есепті жылдың соңындағы Бағдарламаға қатысушылардың саны негізінде жасады. Бұл ретте:
– Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған, есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан;
– бұрын есепке алынбаған, бірақ нысаналы талаптарға қатысуға құқығы бар;
– бұрын ескерілген, бірақ нысаналы талаптарға қатысуға құқығы жоқ балалардың нысаналы талаптарының сомасына жасалған түзетулер де ескерілді.
Барлық есеп айырысулардың қорытындысы бойынша есепті жылдағы нысаналы талаптардың/ нысаналы жинақтардың бір балаға шаққандағы сомасы 129 АҚШ доллары 38 цент болды.
– 2024 жылы есептелген нысаналы талаптарға инвестициялық кіріс қалай есептелді? Әр бала бұрын есептелген талаптарға инвестициялық кіріс түрінде қанша сома алды? Инвестициялық кіріс 2024 жылы есептелген нысаналы жинақтарға есептелді ме?
– Бәрімізге белгілі, 2024 жылғы қаңтар айында Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балаларға100 АҚШ доллары 52 цент мөлшерінде алғашқы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар есептелді. Бұл ретте нысаналы жинақтар 2024 жылы 18 жасқа толған азаматтардың БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына бірден есептелді. АҚШ долларындағы бұл қаражатты жас қазақстандықтар тұрғын үй мен білім алуға пайдалануда. 01.01.2025ж. жағдай бойынша БЖЗҚ шамамен 5,32 млн АҚШ доллары сомасына 53 001 өтініш орындады. Талап етілмеген нысаналы жинақтар нысаналы жинақтау шотында 10 жыл бойы АҚШ долларымен сақталады. Олар инвестициялануын тоқтатады, өйткені алушы кез келген уақытта бұл қаражатты нысаналы пайдалану үшін талап етуі мүмкін. Егер 10 жыл ішінде ол бұл қаражатты пайдаланбаса, онда аталмыш қаражат БЖЗҚ-да оның атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотына ҚРҰБ-тың аудару сәтіндегі ресми бағамы бойынша теңгемен автоматты түрде аударылады.
Нысаналы талаптар ретінде есептелген қаражат Ұлттық қордың құрамында инвестициялануын жалғастыра береді. Осы қаражатты инвестициялау нәтижесінде түскен инвестициялық кіріс шамамен 20,1 млн. АҚШ долларына жетті. Бұл ретте орташа жылдық кірістілік 3,03% (АҚШ долларымен) көрсетті. Осылайша, кәмелетке толмаған балаларға 2024 жылы есептелген нысаналы талаптарға 3 АҚШ доллары 04 центі мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді.
– 2024 жылы қате есептелген, сондай-ақ елден кеткен кәмелетке толмаған азаматтарға есептелген қаражат қайта бөлінді ме? Олар қалай таратылды және әр бала қанша алды?
– БЖЗҚ бір балаға тиесілі нысаналы талаптардың есебін ҰБ есептеген нысаналы талаптардың жалпы сомасы мен есепті жылдың соңындағы Бағдарламаға қатысушылардың саны негізінде жасады. Бұл ретте:
– 3 148 Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған, есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан;
– 11 718 бұрын есепке алынбаған, бірақ нысаналы талаптарға қатысуға құқығы бар;
– 72 485 бұрын ескерілген, бірақ нысаналы талаптарға қатысуға құқығы жоқ балалардың нысаналы талаптарының сомасына жасалған түзетулер де ескерілді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Бағдарламаға қатысушы балалардың нысаналы шоттарына қайта бөлінген түзету сомасы шамамен 6,65 млн АҚШ долларына тең болды.
Барлық факторларды ескере отырып, есепті жылдағы бір балаға тиесілі нысаналы талаптардың сомасы -129 АҚШ доллар 38 цент болды.
– «Ұлттық Қор балаларға» бағдарламас шеңберінде есептелетін қаражаттың сақталуына қандай кепілдік бар?
– Нысаналы талаптар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі инвестициялық қызмет шеңберінде нысаналы талаптарға қатысушының он сегіз жасқа толатын жылына дейін қаржы құралдарына инвестицияланады. Ұлттық қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне жатады.
БЖЗҚ-ның нысаналы активтері, нысаналы жинақтар төлемін қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, олар жалпы сомамен ҚР ҰБ мен БЖЗҚ арасында жасалатын шартқа сәйкес ҚР ҰБ тағы шоттарда сақталып, есепке алынады.
Нысаналы активтер тек мына бағыттарда пайдаланылады:
1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де жағдайларда нысаналы жинақтар төлемін жүзеге асыру;
2) қате есептелген нысаналы жинақтарды және өзге де қате есептелген ақшаны қайтару.
БЖЗҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы талаптар, нысаналы жинақтар және нысаналы активтер бойынша есеп жүргізеді және есептілік жасайды.
Нысаналы талаптардың, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтердің есебін жүргізу тәртібін бақылауды қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
– Баланың «Ұлттық қор- балаларға» бағдарламасына қатысушы ретінде тіркелгенін қала тексеруге болады?
– БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтындағы «Қатысушыны іздеу» бөліміне баланың ЖСН енгізіп, «Тексеру» батырмасын басу керек.
Бала нысаналы талаптарға қатысушы болған есепті жыл және оның нысаналы талаптарының жалпы сомасы көрсетілген ақпарат беріледі. Сонымен қатар, сайтта балалардың туған жылдары бойынша бөліністе Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың қалыптасу тарихы ұсынылған, онда есептелген сомалар, инвестициялық кіріс, сондай-ақ нысаналы жинақтардың (НЖ) БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына есептелген жылы көрсетіледі.
– Егер 2006 жылдың 01 қаңтарына дейін туған азаматтың ЖСН-ы болса ше?
– 2006 жылдың 01 қаңтарына дейін туған жеке тұлға Нысаналы талаптарға қатысушы бола алмайды.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап туған азаматтары ғана қатысады.Бұл ретте 2006 жылы туған азаматтардыңБЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына 2024 жылы нысаналы жинақтар есептелді. Олар аталған қаражатты тұрғын үйге және/ немесе білім беруге пайдалана алады.
– Егер 2025 жылы туған баланың ЖСН-ы болса ше?
– Бала бағдарламаның қатысушысы болып есептеледі. Бала 2025 жылы туғандықтан, оған нысаналы талаптар 2026 жылдың ақпан айынан кешіктірілмей есептеледі.
– Егер 2025 жылдың 01 қаңтарына дейін туған баланың ЖСН-ы бар, бірақ ЖСН және/немесе құжаттары тек 2025 жылы алынған болса ше?
– Бала бағдарламаның қатысушысы болып есептеледі. Ол туралы ақпарат «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорында 2025 жылы өзектендірілгендіктен, өтіп кеткен кезеңді ескере отырып, нысаналы талаптар және (немесе) нысаналы жинақтар оған 2026 жылғы ақпаннан кешіктірілмей толық көлемде есептелетін болады.
– Бала қай кезден бастап «Ұлттық қор балаларға» бағдарламасына қатыса бастайды және оған аударымдар қаншалықты жиі жүргізілетін болады?
– 2023 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қатысушысы бола алады. Келесі жылдары туған балалар да автоматты түрде бағдарламаның қатысушысы болады.
Жыл сайын балаларға есепті жылдан кейінгі жылдың басында бағдарламаға қатысқан әрбір жылы үшін Ұлттық қордан он сегіз жасқа толғанға дейін инвестициялық кірісті қоса алғанда, нысаналы талаптар түріндегі қаражат есептелетін болады.
– Бала алған қаражатты қандай мақсаттарға жұмсай алады?
– «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес нысаналы жинақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында беріледі.
Нысаналы жинақ төлемдерін пайдаланудың егжей тегжейлі шарттары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін нысаналы жинақ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім беру ақысын төлеу мақсатында пайдаланудың тиісті қағидаларында реттелген.
– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақ қанша уақыт жатады?
– Нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында АҚШ долларымен бағдарламаға қатысушы 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл бойына сақталуы мүмкін. Осы мерзім өткеннен кейін Бағдарламаға қатысушы пайдаланбаған нысаналы жинақтау сомалары нысаналы жинақтау шотынан автоматты түрде ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін ашылған оның жеке зейнетақы шотына аударылады. Қаражат ЕЗЖ есепке алынатын шотқа аударым күніндегі ресми бағам бойынша теңгемен есептеледі. .
Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген.
– Ата-аналарға нысаналы талаптарды/нысаналы жинақтарды тексеру мүмкіндігі беріледі ме?
– Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе оның заңды өкілдері есептелген нысаналы талаптарды электрондық үкіметтің eGov mobil ұялы қосымшасынан, kids.enpf.kz сайтынан, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына қарай алады.
Бала он сегіз жасқа толғанда оған «БЖЗҚ» АҚ да нысаналы жинақтарды алушының (кәмелетке толған баланың) өзі ғана қол жеткізе алатын нысаналы жинақтау шоты ашылады. Ол оны да enpf. kz сайтындағы БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет, сондай-ақ egov-mobile арқылы тексере алады.
– Ұлттық қордан төлем алу үшін банктік шотты қандай банктерде ашуға болады? «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатысу үшін банктерге қойылатын қандай да бір алғышарттар, талаптар бар ма?
– «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңда (бұдан әрі Заң) уәкілетті операторларға кімнің жататыны туралы ұғым мен «БЖЗҚ» АҚ-ға уәкілетті операторлармен өзара іс-қимыл жасау бойынша міндеттер ғана бекітілген.
Осылайша, Заңда екінші деңгейдегі банктерге ешқандай шектеу қойылмаған, БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Қазақстанның кез келген екінші деңгейдегі банкі қатыса алады. Бұл екінші деңгейдегі банктер де, «Қазпошта» ұлттық операторы да болуы мүмкін. Қазіргі кезде бұл – «Халық банк» АҚ (қаражатты білім алу ақысын төлеуге пайдалану бойынша) және «Отбасы банк» АҚ (тұрғын үйге және білім алу ақысын төлеуге).
– Егер электрондық үкіметтің eGov mobil мобильді қосымшасында бала туралы деректер көрсетілмесе немесе азаматтығы туралы мәліметтер болмаса, қайда жүгінуге болады?
– Электрондық үкіметтің eGov mobil мобильді қосымшасында бала туралы деректер болмаған жағдайда ХҚКО-ға жүгіну қажет.
Қазақстан Республикасының азаматтығы бар екенін айқындау үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметі бөліміне жүгіну және қажетті құжаттардың тізімін алу қажет.
– 2025 жылы 18 жасқа толатын балалар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына енгізіле ме және олар қандай қаржы алады?
– Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын(2024 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) барлық балалар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына енгізілген және оның қатысушысы болып табылады.
2025 жылы 18 жасқа толатын балалар (бала әлі 18 жасқа толмаған жылы) аударылған нысаналы талаптарын өздерінің БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына есептелетін нысаналы жинақтар түрінде алады.
2024 жыл бойынша бір балаға арналған нысаналы талаптардың сомасы Қазақстан азаматы болып табылатын балалардың саны бойынша деректерге (2024 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) және Ұлттық қордан есептелген балаларға арналған нысаналы талаптардың жалпы сомасы бойынша Ұлттық Банктен алынған ақпаратқа негізделе отырып есептелетін болады.
– Ақша АҚШ долларымен есептеле ме?
– 18 жасқа толған балалардың нысаналы жинақтары Ұлттық қордан БЖЗҚ-ға АҚШ долларымен аударылады және БЖЗҚ-да АҚШ долларында сақталады.
Кәмелет жасқа толған бағдарлама қатысушысы өз ақшасын пайдалануға шешім қабылдаған кезде, ол уәкілетті операторға өтініш береді, бұдан соң БЖЗҚ оның жинақтарын уәкілетті операторда ашылған банктік шотына АҚШ долларында аударады.
Бірақ әрі қарай, уәкілетті оператор тұрғын үй мен білім алуға жинақты аударған кезде ақша аударым кезінде өзекті болатын бағам бойынша АҚШ долларынан теңгеге айырбасталады.
– Бала ақшаны бірден 18 жасында емес, кейінірек 20 немесе 25 жасында пайдалана алады ма?
– Бала 18 жасқа толғанда оның атына БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты автоматты түрде ашылады және оған Ұлттық қордан тиесілі қаражат аударылады. Ақша АҚШ долларымен аударылады және нысаналы жинақтау шотында 10 жыл сақталады.
Егер осы мерзім ішінде бала бұл қаражатты пайдаланбаса, онда қаржы оның атына автоматты түрде ашылатын БЖЗҚ-дағы жеке ерікті зейнетақы шотына (ЕЗШ) автоматты түрде аударылады. Ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын осы зейнетақы шотынан жинақтарды алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
– Бала нысаналы жинақтарын 18 жасқа толғанға дейін пайдалана ала ма?
– Жоқ, мұндай мүмкіндік қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған.
Балаға есептелген нысаналы ақша Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында болып, Ұлттық банк бала 18 жасқа толғанға дейін ақшаны инвестициялауды жалғастырады. Осылайша баланың жинағына қосымша инвестициялық кіріс қосылады.
– Балаларға жыл сайын қандай сомалар есептеледі? Мысалы, 2025 жылы туған балаға 18 жылдан кейін қандай сома төленеді?
– Жыл сайын «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша балаларға Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің инвестициялық кірісінің 50% есептеледі. Есептеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі ҚР ҰБ) жүзеге асырады. Бұл ретте Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігін инвестициялаудан алынған инвестициялық кіріс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады. Сонымен қатар өткен жылдардағы балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында АҚШ долларымен инвестициялануды жалғастырады. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.
Осылайша балалардың жыл сайынғы сомасы Ұлттық қордың инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша айқындалатын болады.
БЖЗҚ инвестициялық кірістің жалпы сомасын (балалардың шоттарына есептеу үшін ҚР ҰБ жыл сайын айқындайтын) және Қазақстан азаматтары болып табылатын барлық балалардың санын негізге ала отырып, әрбір есепті жыл үшін Бағдарламаға қатысушы әрбір балаға нысаналы талаптардың сомасын есептейтін болады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, болашақта 18 жасқа толған әр балаға төленетін нысаналы жинақтар сомасы қандай болатынын алдын-ала нақты есептеу мүмкін емес. Ол Ұлттық қордың жинақталған активтерінің көлемімен, оның тарихи инвестициялық кірістілігі бойынша нәтижелермен және Бағдарламаға қатысушы балалардың санымен айқындалатын болады.
– Егер әр балаға 18 жыл ішінде аударылған қаражат сомасы 2-3 мың АҚШ долларынан аспаса осындай аз ақшаға оқу ақысын төлеуге немесе үй сатып алуға бола ма?
– «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы білім алу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту мәселелерін шешуге ықпал ететін жалғыз бағдарлама емес.
2013 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі жұмыс істейді. Оның көмегімен Қазақстанда да, шетелде де ақылы кәсіптік және жоғары білім алу үшін ақша жинауға болады.
Бұл жүйе ата-аналарға бала туғаннан бастап оның оқу ақысын төлеуге қаражат жинауға мүмкіндік береді. Қазақстанның кез келген азаматы өзіне немесе екінші деңгейдегі банкте баланың атына білім беру салымын аша алады немесе сақтандыру компаниясымен білім беру жинақтаушы сақтандыру шартын жасаса алады, сондай-ақ, инвестициялық кіріске қоса мемлекеттің сыйақысын қосымша жыл сайын ала алады. Мемлекет МБЖЖ-ның барлық салымшылары үшін іс жүзінде білім алу шығындарын төлеуге жинақ қалыптастыруды қаржыландырады. Осылайша, МБЖЖ-дағы жинақтар «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы бойынша берілетін жинақтармен бірге оқу ақысын төлеуге және білім алуға көмектесе алады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша нысаналы жинақтар «Отбасы Банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыруға бағытталуы немесе түрлі ипотекалық бағдарламалар бойынша қаражатқа қосылуы мүмкін.
– Ұлттық қордан нысаналы жинақтарды БЖЗҚ-ға аударғаннан кейін оларға инвестициялы кіріс есептеле ме?
– Ұлттық қордан нысаналы жинақтарды БЖЗҚ ға аударғаннан кейін АҚШ долларындағы нысаналы жинақтар қаржы құралдарына инвестицияланбайды және нысаналы жинақтарды алушылардың немесе мұрагерлердің алуы үшін қолжетімді болады.
– «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасына қатысу мемлекеттен басқа жәрдемақыларды алуға әсер ете ме, мысалы, мүгедектік бойынша жәрдемақы немесе көп балалы аналарға арналған жәрдемақыға?
– Мемлекеттік жәрдемақы алатын балалар (мысалы, мүгедектік бойынша, көп балалы отбасылар) «Ұлттық қор балаларға» бағдарламасына барлық балалармен тең дәрежеде қатысады.
– Зейнеткерлер сияқты тұрғын үй мен емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін өзара беру сияқты бір отбасының балалары өздерінің мақсатты жинақтарын бір-біріне бере ала ма?
– Тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға ақы төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды төлеуді жақын туыстарының пайдасына беру қолданыстағы заңнамада көзделмеген.
– Баланың мәліметтерінің мемлекеттік дерекқорда болмауына байланысты ол 2025 жылы қатысушылар тізіміне енбеді. Енді ол «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына енгізіле ме және бұл нысаналы талаптардың сомасына қалай әсер етеді?
– Нысаналы талаптардың қатысушылары тізіміне енгізілмеген және нысаналы талаптардың қатысушыларының жалпы санын есептеу кезінде есепке алынбаған, бірақ нысаналы талаптардың қатысушысы болуға құқығы бар тұлғалар жүгінген кезде нысаналы талаптар өтініш берілген жылдан кейінгі жылы өткізіп алған (өткізіп алған) кезең (кезеңдер) үшін есептеледі.
Бұл ретте заңды өкілдерге ұсынатынымыз:
- келесілерді тексеру:
балада жеке басын куәландыратын құжаттың болуын (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі);
жеке басын куәландыратын құжатта деректемелердің (аты-жөні, т. б., ЖСН, азаматтығы) болуын және олардың дұрыстығын;
«электрондық үкімет» веб-порталындағы өзінің жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтердің болуын, тіркелуін және дұрыстығын;
- егер балада:
жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) жүгіну қажет;
азаматтығы жоқ немесе анықталмаған немесе дұрыс көрсетілмеген болса, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну қажет.
– Ұлттық қордан нысаналы талаптардың есептелуін бақылауды қандай мемлекеттік орган жүзеге асырады?
– БЖЗҚ-ның нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды жүргізу тәртібін бақылауды Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
– Бағдарламаға қатысатын балалардың тізімін қандай ұйым жасайды?
– БЖЗҚ «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан (ЖТ МДҚ) алынған мәліметтер негізін БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін дербес қалыптастырады.
– Балаға БЖЗҚ-да шот ашылды және оны нысаналы жинақтары аударылды, бірақ неге қазір бұл қаражатты пайдалана алмайды?
– Нысаналы жинақтау шоты БЖЗҚ-да бала кәмелетке толған жылы нысаналы жинақтардың сомасын АҚШ долларымен есептей отырып автоматты түрде ашылатын болады.
18 жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтарды алушылар жинақтарды екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) білім беру ақысын төлеуге пайдалану құқығына ие болады.
18 жасқа толғаннан кейін не оған дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамдар нысаналы жинақтарды пайдалану құқығынан айырылады.
– Нысаналы жинақтарды уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға қайтаруға бола ма?
– Уәкілетті оператор нысаналы жинақтар төлемдерін қайтару бойынша жұмысты келесідей жағдайда жүргізеді:
• нысаналы жинақтарды алушы не оның заңды өкілі уәкілетті операторға нысаналы жинақтардың барлық сомасын немесе бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруға өтініш бергенде;
• нысаналы жинақтармен толықтырылған, мемлекеттік білім берудің жинақтаушы жүйесі шеңберінде жасалған білім беру жинақтаушы салымы туралы шартты немесе білім беру жинақтаушы сақтандыру шартын бұзғанда;
• нысаналы жинақтарды алушы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға ақы төлеуіне барлық қажетті құжаттарды ұсынбағанда;
• техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын екінші деңгейдегі банктерден немесе сақтандыру ұйымдарынан немесе білім беру ұйымдарынан нысаналы жинақтар төлемдері қайтарылған жағдайда.