Ахатов шахмат ойнап жүр…

Аудандық Жастар ресурстық орталығында “7 мамыр – Отан қорғаушылар күні” мерекесіне орай аудандық шахмат турнирі ұйымдастырылды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Нұржан Ахатов аудан ардагерлерімен бірге барып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз кезегінде әуесқой шахматшылар турнирдің өтуіне қолдау білдірген аудан әкімдігі мен бірқатар азаматтарға алғысын білдіріп, аудан басшысына “шахмат турнирлері көптеп өткізілсе” деген ұсыныстарын айтты. Аудан әкімі бұл ұсынысты құптап, қолдау көрсетуге уәде етті. Тіпті өзі де ойнап, жақсы ойын өрнегін көрсетті.

Айта кетейік, турнирге әртүрлі жастағы 40-қа жуық азамат қатысты. Қатысушылардың ең жасы 15 жаста.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған