Дзюдодан Азия кубогының жеңімпазы, ел намысын халықаралық додаларда абыроймен қорғап жүрген жерлесіміз Әсел Бисембай бүгін Жалағаш кентіндегі №128 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.«Бүгінгі таңдау – тек бүгіннің емес, ертеңгі күннің таңдауы. Құрылтайға сайланған азаматтар елдің болашағына қатысты маңызды мәселелерді көтеріп, халықтың үні мен ұсынысын жеткізеді. Сондықтан әрбір азаматтың дауысы маңызды деп есептеймін. Мен де ел болашағы үшін өз таңдауымды жасадым», – дейді Әсел.Жас спортшының жеңісі ел жастарына үлгі болса, оның азаматтық ұстанымы өскелең ұрпақтың ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Ел болашағы бүгінгі таңдаудан басталады. Әр дауыс ел ертеңіне қосылған үлес!

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған