Арал ауданындағы сайлау учаскелерінің біріне Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ақын Толыбай Абылаев келіп, өзінің азаматтық таңдауын жасады.
Қаламгер ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, өз дауысын берді. Ақынның айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам.
Толыбай Абылаев сайлау учаскесінде өз таңдауын жасағаннан кейін журналистерге сұхбат беріп, сайлаудың маңызы, азаматтық жауапкершілік және ел болашағына қатысты өз ойын ортаға салды.
— Бүгін мен де ел қатарлы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасадым. Сайлау – әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды күн деп есептеймін.
Әр азамат өзінің азаматтық міндетін орындап, өз таңдауын жасауы керек. Өйткені елдің ертеңі – бүгінгі жасалған таңдауға байланысты.
Бүгінгі сайлау ел азаматтарының белсенділігін көрсетіп, мемлекетіміздің одан әрі дамуына өз үлесін қосады деп сенемін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әрбір отбасына береке, елімізге тұрақтылық пен жарқын болашақ тілеймін!