Осы аптаның сейсенбісі күні облыстық Қоғамдық даму басқармасына қарасты Өңірлік коммуникация қызметі республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз-турын ұйымдастырды. Баспасөз-турының мақсаты аймағымызда жаңадан салынып жатқан, ел игілігіне пайдалануға берілген нысандармен танысу.

ӨНЕГЕЛІ ӨНЕР ОРДАСЫ

Алғашқы барған нысан – «Өнер орталығы». Қызылорда облысының ұлттық рухани ордасы – «Өнер орталығы» биылғы жылдың наурыз айында пайдалануға берілді. 1000 келушіге арналған орталықтың құны 3,7 млрд. теңге. Зәулім ғимаратта симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытында концерттер, қойылымдар көрсетіледі, шығармашылық кештер ұйымдастырылады.

Орталықта 9 өнер ұжымы орналасқан. Тұр мағамбет атындағы халық аспаптары оркестрі, симфония оркестрі, «Сыр самалы» вокалды-аспапты ансамблі, «Томирис» би ансамблі, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі, «Тұран» триосы, «Айару» замануи би ансамблі, «Әдемі» бала лар музыкалық театр студиясы жұмыс істейді.

БАҚ өкілдерін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова, облыстық филармонияның директоры Талғат Мақашов, қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов күтіп алды. БАҚ өкілдері ғимаратты аралап, «Сыр өңірі өнер тұлғаларының экспозициялық картинасы» және «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің бесігі» атты көрмені тамашалады. Мұнан кейін концерт залына барған БАҚ өкілдеріне Мира Қазбекова орталықтың жұмысын таныстырды.

– Сыр өңірінің мәдениет пен өнер саласында көптеген жағымды жаңалық бар. Бұған дейін облыстық филармонияның құрамында ұлт аспаптар оркестрі, камералық оркестр жұмыс жасаса, концерттерді көрермен талғамына сай, кәсіби әрі жанды дауыста ұсыну үшін тұңғыш рет симфония оркестрі құрылды. Облыстың мәдениет мекемелерінің мамандары Италия, Белорусь елдерінде біліктілігін арттырды. Алдағы уақытта Еуропадағы белгілі концерттік залдардың озық тәжірибелері енгізілмек. Мәдениет және өнер, әдебиет өкіл дерін қолдау мақсатында өткен жылдан бері тағайындалған «Тұран» сыйлығын табыстау дәстүрге айналады. Биыл Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында «Жыраулар үйі» ашылды. Облыстық өлкетану музейінің құрылысы басталды. Жеті ауданда заманауи «Руханият орталықтары» салынуда. Биылғы жылы балалар мен жасөспірімдерді өнерге баулып, шығармашылығын шыңдайтын «Шығармашылық академиясы» бой көтерді. Мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар шығар машылығын шыңдап, өнерін насихаттауға арналған «Инклюзивті театр» құрылды. Бұған дейін 10 жылға жуық үйірме ретінде жұмыс жасап келген «Жастар театры» өз алдына кәсіби ұжым болып өнер көрсетуде. Қызылорда облысы руханият, мәдениет саласына айрықша назар аударып, көптеген жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келе жатыр. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан қолдаудың ықпалы зор-деді, Мира Жомартқызы.

ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ – ЖанАрай

Мұнан кейін БАҚ өкілдері мінген көлік «ЖанАрай» ЖШС агро-индустриалды кеше ніне бет алды.

«ЖанАрай» ЖШС агро-индустриалды кешенінің негізгі қызмет түрі – күріш өндірісі, күріш жармасын халықаралық стандарттар бойынша өңдеу, құрама жем өндірумен айналысу. Құрама жем зауыты 2015жылы іске қосылған. Зауытта 200-ге жуық адам жұмыс жасайды. Кәсіпорын үш негізгі бөліктен тұрады. Бірінші бөлік – жем өндіру зауыты. Зауыттың қуаты тәулігіне 80 тонна жем өндіре алады. Екінші бөлік – күріш өңдеу зауыты, үшінші – жеміс сақтау қоймасы. Оның қуаты тәулігіне 150 тонна күріш жармасын өңдейді. Үшінші бөлік – жеміс сақтау қоймасы. Қоймаға 1500 тоннаға дейін жеміс сақтауға мүмкіндік бар. Оның ішінде 1120 тонна өнімі тоңызытқышта сақталады. Сонымен қатар сыйымдылығы 4 мың тонна болатын көкөніс қоймасы бар, бұл маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кешен өнімдері Қазақстанда сатылады және Түркия, Ирак, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Беларусь және басқа да алыс-жақын шетелдерге экспортталады.

– Зауытта жемнен бөлек Сыр маржанын да ақтайды. Күріш цехы тәулігіне 120-130 тонна күріш өңдеп шығады. Өндіріс орнын да қара күрішті тазалау, ақтау, қапқа салу жұмыстарының барлығы заманауи техноло гиялармен атқарылады. Сыр салысының мар жан, янтарь, лидер, диамондатты сұрыптары 5 келіден бастап 10, 25, кейде тапсырысқа орай 50 келілік қапқа дейін өлшеніп, нарыққа жіберіледі. Сырдың бренд дақылы бүгінде алыс-жақын шетелдіктердің қазанында қайнап жатыр. Аймақта кәсіпкерліктің дамуы артып, шағын және орта бизнес субъектілерінің көптеп ашылуы – мемлекеттік қолдаудың жемісі. Әлеуеті орасан «ЖанАрай» зауыты болашағы тұрақты кәсіпорынның бірі саналады. –деді кешен директорының орынбасары.

АНАҒА ТАҒЗЫМ – ТӘРБИЕ ҰЯСЫ

БАҚ өкілдері келесі танысқан нысан былтыр пайдалануға берілген «АнағаТағзым» орталығы. «Анаға тағзым» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі – аймақ басшысының бастамасымен қала орталығында жаңадан бой көтерген ұлттық және заманауи үлгідегі мәдени–әлеуметтік нысан. Жобаны «Парасат» орденінің иегері, кәсіпкер-меценат Марат Дүйсенбаев қаржыландырды. Мердігер мекеме – «Шыңғыс» ЖШС.

Мәдени орталық былтырғы жылдың 29-ы қыркүйегінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен ресми түрде ашыл ды. Ал араға бірнеше күн салып 10-ы қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған үкіметтік делегация орталық жұмысымен танысып, оң бағасын берді.

«Анаға тағзым» орталығының басшысы Алтынай Молжанова орталықтың жұмысымен таныстырды.

– Бүгінде мәдени нысанда 30-ға жуық қызметкер жұмыспен қамтылған. Орталық жұмысы Ұлы Даланың Ұлы аналарының киелі жолын дәріптей отырып, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беруге, отбасы лық құндылықтарды нығайтуға, бүгінгі қазақ әйелінің рухани келбетін қалыптастыруға және креативті индустрияны дамытуға бағыт талады. Халқымыздың өткені мен бүгінін сабақтастыратын «Анаға тағзым» экспозициялық кешенінде «Қазақ елінің Ұлы аналары» атты бірегей картина және ұлтымыздың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін киіз үйдің инсталляциясы орналасқан. Сонымен қатар 4 клубымыз, 2 студиямыз жұмыс жасайды. «Ұлт жақұты» музейлік залы, 50 орындық конференц зал, 100 адамға лайықталған мәдени-концерттік зал және коворкинг орталығы бар.

Орталықтың жұмысымен танысып болғаннан кейін Астанадан келген БАҚ өкілдерінің бірі өз пікірін білдірді.

– Расында, бұл жұмыс өте маңызды. Жастарымыздың арасында ұлттық салт-дәстүрімізді, болмысымызды, тілімізді, ділімізді насихаттауымыз керек. Әйтпесе, дүниежүзінде болып жатқан теріс үрдістерді бәріміз көріп отырмыз. Ондай жағымсыз үрдістер елімізде де бар. Біз олармен күресіп, өзіміздің ұлттық көзқарасымызды дәріптеуіміз қажет, – деді ол.

ОРТАЛЫҚ АЛАҢ – ҚАЛА БЕЙНЕСІ

БАҚ өкілдері келесі аттанған нысан биыл шілде айында пайдалануға берілген «Орталық алаң». Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған Орталық алаң демеушілер есебінен жаңғыртудан өтті. 51 550,0 шаршы метр құрайтын орталық алаңды аббаттандыру жұмыстарына меценат Асқар Әубәкіров 1 млрд. теңге қаржы бөліп, демеушілік жасады. Абаттандыру жұмыстары 2023 жылы тамыз айында бастау алып, 2024 жылы шілде айында аяқталып, пайдалануға берілді. Заманауи дизайнда жасалған орталық алаң қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс аймағына айналды.

Жоба бойынша алаңға субұрқақтар, қиыршық тас, жолжиек тас төселіп, жарық диодты шамдар қойылып, газон, көпжылдық жасыл көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар шағын архитектуралық пішімдемелер қойылды. Мұнда жаңа үлгідегі орындықтар, жарық бағаналары және балалар ойын алаңы да орналастырылған. Ы.Жақаев көшесінің Қорқыт ата көшесінен орталық алаңға дейінгі аралығы да толықтай абаттан дырылды. Толық жөндеуден өткен орталық алаң қала тұрғындарының көңілінен шығуда. Қазіргі уақытта орталық алаң күндіз және түнгі уақытта да жарықтандыру лампалары арқылы ерекше келбетке еніп, қалаға көрік беруде.

ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ЗАМАНАУИ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ

Мұнан кейін БАҚ өкілдері жаңадан салынып жатқан «ЖылуЭлектрОрталығының» жұмысымен танысты. Бір байқағанымыз күндіз жауған жауынға, жердің балшығына қарамастан жұмысшылар өздерінің жұмыстарын жалғастырып жатыр. Басты себеп: былтырғы жылы Мемлекет басшысы өңірімізге іс-сапармен келген кезінде жылу электр орталығының құрылысын тездетіп аяқтауды тапсырған.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері республика аумағындағы жылу электр өнді ретін алғашқы ірі нысан біздің аймақта салынуда. Бұл Сыр елінің инфрақұрылымдық дамуына жасалған айрықша мүмкіндік. Жаңа жылу электр станциясы тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынатын ең ауқымды, теңдессіз жоба.

Жобаның іске асуына «Акса Энерджи Уретим Аноним Ширкети» түрік компаниясы тарапынан 105 млрд. теңгеден аса инвестиция салынуда. Жалпы жоба құны 215 млрд. теңгені құрайды. Құрылыс аяқталып, нысан іске қосылған сәтте оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында 240 МВт құрайтын электр қуатын тарату мүмкіндігі болады.

Аумағы 24,5 гектар жерді құрайтын «ЖылуЭлектрОрталығы» құрылысы 2025 жылы тамыз айында аяқталады. Осы жерде айта кетейік Қызылорда қаласы республика бойынша ыстық сумен қамтылмаған бірден бір облыс орталығы болып табылады. Мемлекет басшысының қолдауымен Қызылорда қала сының тұрғын үйлерін ыстық сумен қамтуға биыл Үкімет резервінен 11 млрд. теңге бөлініп, қаладағы 187 үй орталықтандырылған ыстық сумен қамтылуда.

– Негізі бұл нысан жеке инвестицияға салынып жатыр. Өңірге керекті 240 мега ватт электрэнергиясын шығарады. Қаламызды толық жылумен қамтамасыз етеді. Жобаның құны 215 млрд. теңгені құрайды. Нысанның маңыздылығын ескере келе Мемлекет басшысы нысан құрылысын алдағы 2 жылдың ішінде аяқтап, ел игілігіне беруді тапсырып отыр. Біз қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Біз өткен жылдан бастап жұмысқа қызу кірістік. Біз бұл жобаны 2025 жылдың тамыз айында аяқтап, сол жылғы жылу беру маусымында ел игілігіне береміз деп жоспарлап отырмыз,-деді мердігер мекеменің өкілі.

ҚЫЗЫЛОРДА – СОЛ ЖАҒАЛАУЫ БАР ЕКІНШІ ҚАЛА

БАҚ өкілдері мінген көлік Сол жағалауға бет бұрды. Республикадан келген журналистер көлік ішінде Сол жағалау сіздерде де бар ма деп тамсанып отырды.

Алғашқы нысан – биылғы жылы Қызылорда қаласының Сол жағалауындағы заманауи үлгіде салынып, ашылған «Автовокзал».

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында «Көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс» деген болатын. Автобустармен жолаушы тасымалдау – үлкен сұранысқа ие қызмет. Жолаушылар мен жүк тасымалын ұлғайту, қызмет сапасын жақсарту мақсатында Сырдың бас шаһары тағы бір әсем, заманауи нысанмен толықты.

Жаңа автовокзал халықтың талап-тілегі мен сұранысына сай болуы үшін бюджет қаржысы есебінен 975 млн. теңгеге салынды. Мұнда жолаушылар мен жүргізушілерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай қарастырылған. Жолау шылар автовокзалдан халықаралық және ішкі 38 бағыт бойынша сапарға шыға алады.

Жаңа автовокзалдың 200 жолаушыға дейін жолға жөнелту мүмкіндігі бар. Жолаушыларды түсіру үшін 6 перрон, сапарға шығатындарға 11 перрон қарастырылған.

Соңғы жылдары Сыр өңірінде барлық саланың материалдық-техникалық база сын, оның ішінде автопаркін жаңартуға басымдық берілуде. Қызылорда қаласын дағы қоғамдық көліктің мәселесін түбегейлі шешу үшін жаңадан 300 автобус алынды.

«Қызылорда автобус паркінің» директоры Абдубакир Маштаев автовокзалдың жұмысымен таныстырды.

– Өңір тұрғындарына сапалы қызмет көрсету мақсатында жаңа автовокзал ғимараты пайдалануға берілді. Сырдария ның сол жағалауынан салынған сапаржай «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халық аралық күрежолына жақын орналас қандықтан автобустар қала ішіне кірмейді. Бір мезетте 200 жолаушыға қызмет көрсететін автовокзалда 38 бағытқа рейс ашылды. Сапаржайды салуға өңір қазы насынан 975 миллион теңге жұмсалды. Мұнда медициналық-санитарлық көмек көрсету, диспетчерлік бекет және жүк сақтау камералары бар. Сонымен бірге ана мен бала, жүргізушілердің демалыс бөлмесі қарастырылған. Одан бөлек мүгедектігі бар жандардың кедергісіз қозғалысына қажетті құрылғылармен жабдықталған. Тасбөгет, Белкөл, Ақжарма секілді қаланың шеткі аудандарынан қатынайтын қоғамдық көліктен бөлек 11 ауданаралық автобустарға қызмет көрсететін сапаржайдан көршілес мемлекеттерге де бағыт ашылды,-деді ол.

БАҚ өкілдері өзінің ауданға қатынайтын автобусын күтіп отырған тұрғыннан кішігірім сұхбат алды.

– Жаңа автовокзалға келіп, жүгімді жүк қоймасына қойдым. Өзім жоғарыға шығып, шәй ішіп алдым. Енді автобусымның жүре тін уақытын күтіп отырмын. Төретамға барып қайтқым келіп тұр, билет алып. Өз заманына қарай осындай жаңа ғимараттар көтеріліп тұру керек. Қаланың Сол жақ жағалауына салынған автовокзал өте жақсы. Барлық жағдай істелген. Демалатын орындар бар,-деді қала тұрғыны Қылышбек Жолтайлақов.

БАҚ өкілдері Сол жағалауда орналасқан осыдан бір ай бұрын ашылған Оқушылар сарайының жұмысымен танысты. «Қазгермұнай» «БК» ЖШС-нің демеушілік қаражатына салынған ғимартқа оқушылардың келу саны көңілді қуантты. Жобаға 2,4 млрд. теңге бөлініп, құрылыс өткен жылдың желтоқсанында басталған. Заманауи, көпфункционалды кешен ішінде техноорталық, бағдарламалау, робототехника және өнеркәсіптік дизайн сынып тары, экологиялық зертхана, жылыжайлар мен қысқы бақ, телестудия, вокал, музыкалық аспаптар және хореография кабинеттері бар.

– Бүгінгі таңда «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен салынған 350 орындық заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы өз жұмысын бастап кетті. Білім, ғылым, мәдениет және өнер саласының дамуы – өркениеттің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші. Бұл ғимаратта балаларымыз бос уақытын тиімді өткізіп, пікірлес жаңа достар табады. Таным көкжиегін кеңейткен жас талапкерлер жаңалық ашып, жарқын болашағына қажетті дағдыларға машықтанады. Қазіргі таңда 35 қызметкер жұмыс жасайды,-деді Оқушылар сарайы директорының міндетін атқарушы Құдайбергенова Гауһар.

БАҚ өкілдері Оқушылар сарайының жанынан ашылған Үстел теннисі орталығының жұмысын көрді. Қызылордадағы жаңадан ашылған үстел теннисі орталығы қаланың сол жағалауында орналасқан. Мұнда 16 үстел теннисі бар ойын алаңы, көрермендерге арналған 350 орындық трибуналар, жаттығу залы және әкімшілік бөлмелер бар.

3652 шаршы метрлік жаңа екі қабатты орталық күніне 150 адамды қабылдай алады. Бұл нысан өңірде бұқаралық спортты дамытуға мол мүмкіндік бермек.

– Биылғы жылдың қазан айында аймақ басшысының қатысуымен орталы ғымыздың жұмысы басталды. Облыстық бюджеттен 2,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 900 млн. теңге қаржы бөлді. Үстел теннисі орталығымыз барлық халықаралық стандарттарға сай. Алдағы уақытта орталығымызда халықаралық жарыстар, оқу-жаттығу жиындары өтетін болады. Күнделікті кешкі сағат 19-00-ге дейін жасөспірімдер тегін шұғылданады. 19-00-ден кейін ересек әуесқой теннисшілер ақылы түрде үстел теннисімен шұғылдана алады,-деді Үстел теннисі орталығы директорының міндетін атқарушы Жәнібек Оңталап.

ҚЫЗЫЛОРДА –КӨКШЕТАУ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ

Түстен кейін БАҚ өкілдері жақында ғана Үкімет басшысы арнайы келіп ашқан, соңғы технологиямен жабдықталған жаңа әуежай терминалының жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының және Үкіметтің қамқорлығымен Қызылорда облысы соңғы бірнеше жылда қарқынды даму көрсеткіштеріне қол жеткізуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей қолдауымен Сыр өңірінің әуе қақпасы жаңадан бой көтеріп, халықаралық әуе рейстерінің ашылуына қол жеткізілуде.

Бұған дейінгі терминал ұзақ жыл бұрын салынғандығы және ол ұшақ ангарынан қайта жасалғандығы, әрі ешқандай стандартқа сәйкес келмейтіндігі ешкімнен жасырын емес. Тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет жеке инвестордың есебінен және қысқа мерзімде барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін аэровокзал кешенінің салынуы Қызыл ордада жүзеге асты.

«Болат Өтемұратов қоры» Еуропалық бизнес қауымдастығы (EUROBAK) тарапынан ұйымдастырылған беделді сайыста Қызылордадағы Қорқыт Ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалының жобасын іске асыру бойынша «корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік» номинациясын ие болды. Әуежайдың жалпы көлемі – 7 500 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың ақпан айында басталып, 2024 жылдың қараша айында аяқталған болатын. Қазіргі уақытта әуежай аумағы абаттандырылып, ұзындығы 480 метр 4 жолақты автокөлік жолы салынды.

Бұл ғимарат «Болат Өтемұратов қоры ның» жеке қаржысы есебінен 16 млрд. 600 млн. теңгеге салынды. Ал әуежайдың инфрақұрылымы үшін жергілікті бюджеттен 4,3 млрд. теңге бөлініп, су, кәріз, электр және байланыс-интернет желілерін тарту, бу қазандығын салу жұмыстары жүргізілді.

Жаңа терминалда екі телескопиялық траптар, екі лифт, екі эскалатор, екі баспалдақтар, ана мен бала бөлмелері және намаз оқитын бөлме қарастырылған. Ішкі және халықаралық рейстерге арналған залдар, транзиттік жолаушылар залы, СІР-зал, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, «Duty Free» аймағы, сауда нүктелері, медициналық бөлім, жолаушыларды тіркеуге арналған 8 орын және 5 өзін-өзі тіркеу орындары, 10 төлқұжат бақылау кабиналары орналасқан (шекара қызметі).

Құрылысқа мәрмар, гранит, травентин, аквапанель сынды жоғары сапалы материалдар қолданылған. Лифт пен эскалатор Финляндиядан, багаж жүйесі Франциядан, телескопиялық трап Германиядан жеткізілген. Қазіргі әуежай сағатына 150 жолау шыға қызмет көрсетсе, жаңа терминал іске қосылған соң, сағатына 250 жолаушыға қызмет көрсететін болады. Нәтижесінде көлік тасымалы көрсеткіштері 2 есеге артады. Осыған байланысты 50 жаңа жұмыс орны ашылды.

– Қазіргі таңда 210 қызметкер бар, жаңа терминал іске қосылғанға байланысты 50 жұмыс орны ашылған болатын. Бізде 26 рейс орындалуда, оның 17 рейсі Астана қаласына, 9 рейсі Алматы қаласына ұшады. Келесі жылы аптасына екі рет Қызылорда-Көкшетау рейсі ашылады. Одан бөлек Ақтау, Атырау қалаларына, әуе компанияларымен келісіссөздер жүргізілуде. Жазғы уақытта Қызылорда-Анталия тікелей рейсі орындалған болатын. Ол рейстер де келесі жылы жазда қайтып қосы латын болады,-деді «Қорқыт ата әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Баян Әжмолдаев.

БАҚ өкілдері өңірімізге алғаш келген Алматы қаласының тұрғынынан кішігірім сұхбат алды.

– Сыр еліне бірінші рет қонаққа келіп тұрмыз. Қорқыт ата әуежайы ашылған екен, қуанып тұрмын, шыны керек, керемет етіп жасап қойыпты, Қызылорда да ұнады маған, шағын бір жақсы қала екен. Кеше ұшып келгенбіз, Алматыға қайта ұшып бара жатырмыз. Қазақстанымыздың осылай көркейе беруіне тілектеспін,-деді Талғат Айдарханов.

Айта кету керек әуежайда жолаушыларды тасымалдауға экотаксилер қызмет көрсетуде. Электр қуатымен жүретін көліктер биыл қыркүйек айынан бастап ел игілігіне берілген болатын.

БЕСАРЫҚ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Әуежайдан кейін БАҚ өкілдері Сыр дария ауданына қарасты Бесарық ауылына жол тартты.

Қызылорда өңірінің негізгі тыныс-тіршілігі күрішке байланысты екені белгілі. Ауылды көркейтіп отырған кәсіпкер Мұрат Сәрсенбаев 2016 жылы «АБАЙ ДАУЛЕТ» ЖШС-ін құрып, бүгінде Сырдария ауданы Бесарық ауылының еңбеккерлері мен ауыл тұрғындарына жағдай жасауда.

«Абай Даулет» ЖШС-і өсімдік шаруа шылығы, құс шаруашылығы, күріш, тұз, фри картобын өндірумен, бау-бақша, мал шаруашылығы және құрылыс өнімдерін шығарумен айналысатын көп салалы кәсіпорын.

Серіктестік Бесарық ауылында 800 гектардан астам жерге күріш егіп, «Лидер» және «Янтарь» түрлерін шығарады.

Ауылдағы «Бесарық» ЖШС-нің қарамағында 130-ға жуық күріш өсіруші жұмыс істейді. Ауыл маңындағы 400 гектар жерге жоңышқа егіліп, барлық ауыл тұрғындарына тегін үлестіріледі.

Бесарық ауылындағы түрлі нысандардың құрылысына, абаттандыру және көгалдандыруға, мәдениет үйі мен балабақшаны жөндеу жұмыстарына, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға көмек, мектеп ғимаратының жаңа оқу жылына дайындығына, жазғы лагерлерге балалар ды жіберуге және спорттық секцияларға қаржылай көмек көрсетілуде. 2018 жылдан бері «Абай Даулет» ЖШС-і Бесарық ауылын жан жақты дамыту мен халық игілігі үшін 1 млрд. 400 млн. теңге қаржы жұмсады.

Бесарықта мың шаршы метрді құрайтын шағын өндіріс орталығы салынып, 13 кәсіп иесі өз ісін бастауға мүмкіндік алды. «Абай–Дәулет» ЖШС бастамасымен ауылдық округте фри зауыты, «Ауыл аманаты» жобасымен наубайхана, кондитерлік және жартылай дайын өнім цехтары, жұмыс қолғабы, шұлық, пластик ыдыстар, сабын, ағаш бұйымдары өндірістері жұмысын бастады.

– Биыл тамыздан бастап «Ауыл аманаты» арқылы 4 жоба қорғалды. Бүгін де олардың қаржы мәселесі шешіліп, кәсіпкерлер жұмысын бастап кетті. Оның біріншісі – наубайхана. Жеке кәсіпкер «Балауса» 2,5 пайызбен, демалысымен, кепілмен 7 миллион теңге алды. Одан кейін «Гүлнар» жеке кәсіп иесі 6 мил лион теңгемен қаржыландырылды. Ол кондитерлік өнімдер шығарумен айналы сады. Мұнан өзге фото-видео студиясын жасауға да мемлекеттен қаржы алған кәсіпкерлер бар. Мұндай бастамаларға 6 миллион теңге көлемінде беріледі. «Ауыл аманатына» қатысқан ауыл тұрғыны бөдене еті мен жұмыртқасын сатуды қолға алып жатыр. Мемлекет осы кәсіпке аз пайызбен 9,2 миллион теңге қаржы бөлді.

Ал өңірлік инвестициялық орталық арқылы 3 жоба қолдау тапты. Оның алғашқысы – ою-өрнек басып шығару кәсібі. Бұл жобаға15 млн. теңге қаралған. Жұмыс қолғабын өндіру цехын іске қосқан кәсіпкер 6 млн. теңге алып, жұмысын бастады. Одан бөлек, пластикалық бөтелкені өңдеу өнеркәсібін бастаған ауыл тұрғыны 12 млн. теңге қаржылай қолдауға ие болды, – деді Бесарық ауылы әкімдігінің әдіскері Бибізада Бекенова.

Халқы 2367 адамды құрайтын ауылдық округтегі бизнес бастамалар, әлеуметтік жобалар мен кәсіпкерлік – ауданның экономикасын нығайту мен халықтың болашағын қамтамасыз етудегі маңызды тетік екені айқын. Мәселен, аумағы 70м2 құрайтын кәсіпкерлер орнында 5 жоба жұмыс жасауда. Солардың бірі – жұмысқа арналған қолғап шығару. Бесарық ауылындағы мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Самат Ақпанбетов жары Гүлзирамен бірге жұмысқа арналған қолғап шығаруда. Бұл кәсіпті бастауға Самат Ақпанбетовтың жеке қызығушылығы себеп болған.

– Қазір бір ғана табысқа қарап отыратын уақыт емес. Ешкімге қол жаймай бала ларымызды аяққа тұрғызғымыз келеді. Сол үшін отбасылық кәсібіміз болғанын қалаймыз. Бұған дейін де кәсіппен айналысып көргенмін. Бұл сала бізге таңсық емес. Дегенмен осы жолы хоббиімді бизнеске айналдырып көргім келеді. Бизнеске қажет қаржыны Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығынан алдық. Мемлекеттік бағдарлама аясында аз пайызбен 6 млн. теңге несиеге осы ісімізді бастап отырмыз. Қазір нарықта жұмысқа қолдануға арналған қолғап жұбымен 120-150 теңгеден сатылып жатыр. Біз 80-85 теңгеден береміз. Істің басталғаны енді болса да, сұраныс жоғары, – дейді Самат Ақпанбетов.

Сырдариялықтар мұнымен тоқтап қал май, пластикалық бөтелке өндіру жобасын іске қосты. Ерлі-зайыпты Жанат мен Мұхит Молдабаевтар қазір 0,5,1 және 1,5 литрлік құты шығарумен айналысады. Тұрғындардың сұранысы бойынша алдағы уақытта 5 литр болатын пластик ыдысты да қолға алу жоспарлануда.

«Нан бар жерде ән бар» демекші, ауылдағы кәсіпкер Гүлмира Смағұлованың наубайханасы бүгінде Сырдария ауданын дағы табысты жобалардың біріне айналған. «Сыр өнімдері» кондитерлік цехында жуырда ғана іске қосылған наубайхана күніне 100-ден астам нан өндіреді.

– Алматы қаласынан 2 пеш пен қажетті құралдарды алып, жұмысты бастадық. Мұның барлығы «Ауыл аманаты» жобасы арқылы алған 7 миллион теңге несиенің жемісі. Ауылдағы дүкендердің басым бөлі гін біздің өнімдермен қамтамасыз етіп отырмыз. Наубайханада 2 адам жұмыспен қамтылған. Жалпы, нан пісіру бұрыннан хоббиім еді. Солай ойым кәсіпке жалға сып, табыс жолына әкелді. Цех шағын болғанымен басқа да заттарға тапсырыс қабылдаймыз. Мысалы, той-томалақ пен ас беруге қажет өнімдерді пісіріп беруді сұрайтындар бар. Ол өнімдер нарықтан төмен бағада ұсынылады. Самса 120 теңгеден берілсе, жұқа күлшелерді келі арқылы есептейміз. Жұмыс орнымыз барлық санитарлық талаптарға сай және жұмыс істеуге ыңғайлы, – деді наубайхана басшысы Гүлмира Смағұлова.

Сапар барысында отбасылық кәсіпке бет бұрған Жарқын Сапарғалиұлымен тілдестік. Ол ою-өрнек басып шығару туралы идея алғаш келіншегінің айтуымен қолға алынғанын жеткізді.

– 2 жыл бұрын жұбайымның идеясын қолға алдық. Әуелде шағын құрылғымен бастап, онлайн тапсырыс арқылы жұмыс істедік. Ал биыл кәсіпкерлерді қолдайтын «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 15 мил лион теңге көлемінде қолдауға ие болдық. Міне, тұтынушыларымызға арналған өнімдерді сапалы құрылғылармен жасаудамыз. Сонымен қатар бір маманды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Елдің барлық өңірінен сұраныс бар. Өз аудиториямызды қалыптастырып, тұрақты тұтынушыларымызды тауып үлгердік. Осы орайда ауылдан шыққан кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ғимарат салған «Абай-Дәулет» ЖШС-ға алғысымды білдіремін, – деді «Айқын» ою-өрнек басып шығару кәсібінің иесі Жарқын Сапарғалиұлы.

Сапар соңында баспасөз турына қатысқан республикалық және аймақтың БАҚ өкілдері Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының жан-жақты дамуына оң бағаларын берді.

Мұхаммедшах КАЮП

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған