Биыл Қызылорда қаласында жалпы ұзындығы 46,234 шақырымды құрайтын 35 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Қазіргі таңда аталған 35 көшенің ішінде Б. Майлин көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаз атанған мердігер мекеме “Қыран” ЖШС-нің учаске бастығы Ерсұлтан Бақберген жол жөндеу жұмыстарын барлық талаптарға сәйкес сапалы жүргізіп жатқанын мәлімдеді.