Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі ауданында «Руханият орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мерекелік іс-шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Нұртөре Жүсіп, Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Аманжол Әлтай, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, облысқа арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, сондай-ақ, Мәдениет министрлігі мен Жазушылар одағының өкілдері арнайы қатысты.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Арал қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған 300 орындық білім ошағының ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шарада Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жиылған жұртшылықты құттықтады.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданына жұмыс сапары кезінде «Қамқорлық» оңалту орталығындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Бұл орталық А.Байтұрсынов ауылдық емханасының жанында, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен қайта жаңғыртылуда. Құрылысты «Жылу-ХХІ» серіктестігі жүргізуде. Жалпы ауданы 1060,7 шаршы метрлік, екі қабатты ғимарат толық жөндеуден өтуде. Орталықта Арал және Қазалы аудандарындағы 2 мыңнан астам бала медициналық оңалтудан өтеді. Нысан биыл наурыз айында іске қосылады.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданы Тоқабай елді мекеніндегі 100 орындық мектептің құрылысымен танысты. 2020 жылы «NTDK Group» ЖШС-ның техникалық қорытындысы бойынша мектеп ғимараты апаттық жағдайда деп танылып, «Баспана Қызылорда» ЖШС-ның сараптамасы негізінде ғимаратты бұзып, қайта салу қажеттігі анықталған. Қазіргі таңда негізгі оқу корпусы пайдалануға берілген. Спорт, акт залдарына, сынып кабинеттеріне сейсмикалық белдеу құйылып, күрделі жөндеу жүргізілуде.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.
Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірдің 7 аудандық полиция бөліміндегі Жедел басқару орталығын құруға қаржы бөлді. Бұл қаржыға ақпараттарды қабылдау мен тіркеуді автоматтан дыратын, қоғамдық орындарда тәртіпті бақылайтын 77 бейне камера, жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде анықтайтын 7 стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғы сатып алынған, оған қоса «ЖБО 2.0» бағдарламасы да қамтамасыз етілген.
Қазалы аудандағы Жедел басқару орталығында бейнекамералар пилоттық режимде жұмысын бастады. Мердігер мекеме стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғылар мен «ЖБО 2.0» бағдарламасын іске қосу үшін тексеру жүргізуде.
* * *
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қазалы аудандық прокуратурасы ғимаратының ашылу рәсімі өтті.
Қазалы ауданында экономиканың барлық саласында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері ілгеріледі. Айтулы істер мен жарқын жобалар жүзеге асты.
Өткен жылдың басында аудан бюджеті 10 млрд. 800 млн. теңге болса, жыл қорытындысымен 18 млрд. 946 млн. теңгеге жетіп, 70 пайызға өсті. Бұл қаржы тұрғындардың өзекті деген мәселелерін шешуге бағытталуда.
Қазан айында елдің тұтастығын, береке-бірлігін, ынтымағын ту етіп көтерген тарихи тұлғалар Әйтеке бидің 380 жылдығы мен Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 250 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Сол кезде 148 отбасыға жаңа баспана кілті табысталып, «Әмір Арена» спорт кешені ел игілігіне пайдалануға берілді, Абай ауылы «көгілдір отынға» қосылды.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жанқожа батыр ауылында 300 орындық мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде. Алдағы ақпан айында пайдалануға беріледі. Ал «Руханият» орталығы сәуір айында ел игілігіне айналады.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Әйтеке би кенті, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарында 3 спорт кешені және «Майдакөл» ауылында 100 орындық ауылдық клубтың құрылысы жүргізілуде.«Кәукей» ауылындағы 100 орындық клуб өткен аптада іске қосылды.
* * *
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Сексеуіл» кентінде 40 төсектік аурухана ашылды.
* * *
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Арал ауданының «Шижаға» ауылын және «Сексеуіл» кентін газ желісіне қосу рәсімі өтті.
* * *
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданындағы Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.
* * *
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданына жұмыс сапары кезінде аспалы көпірдің құрылыс барысын көрді.
Бүгінде мұндағы көлік қатынасы бір ғана теміржол өткелі арқылы жүргізілуде. Өткел жабылғанда 2-2,5 шақырымға дейін автокөлік кептелісі пайда болады. Жедел жәрдем, өрт сөндіру, құқық қорғау органдарының кезек күттірмейтін қызметтік көліктеріне, тұрғындарға кедергі келтіруде. Көпір салынса осы мәселе шешімін табады.
* * *
Арал қаласында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін сатып алынған 150 пәтерлік 75 тұрғын үйдің кілтін иелеріне табыстау рәсімі өтті.
* * *
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапары кезінде “Жаңарық” ауылындағы 300 орындық мектептің ашылу рәсіміне қатысты. Білім ошағы “Жайлы мектеп” ұлттық жобасымен салынған.
Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылар үшін салынған 120 пәтерлік 60 жаңа тұрғын үйдің кілтін иелеріне табыстады.
* * *
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапары кезінде Nº54 мектеп жанындағы 375 орындық қосымша оқу ғимаратын көрді.
Құрылысты “Жабдықтау” ЖШС салған. Үш қабатты нысанға 789,6 млн теңге қаржы «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы бөлінді. Онда білім алушыларға барлық қолайлы жағдай жасалған. Кең әрі жарық сыныптар, жоғары сапалы оқу құралдарымен, ақпараттық технологиялармен жабдықталған кабинеттер бар. Оқушылар үшін арнайы кітапхана, зертханалар және шығармашылық үйірмелерге арналған бөлмелер де қарастырылған.
Ғимараттың әр қабатындағы арнайы инженерлік, жылу, жарық, су және желдету жүйелері заманауи талаптарға сай орнатылған. Спорт залы мен демалыс орындары дене шынықтырумен айналысуға және түрлі спорттық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді
* * *
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі ауданының “Ортақшыл” ауылында “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасымен салынған дәрігерлік амбулатория ашылды. Рәсімге Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов, жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
* * *
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі ауданының “Ортақшыл” ауылын газ желісіне қосу рәсімі өтті.
* * *
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі ауданының “Бестам”, Ә.Тәжібаев ауылдарында дәрігерлік амбулатория ашылды. Медициналық мекемелер “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасымен салынған.
* * *
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданының Әбдіғаппар, «Бесарық» ауылдарында дәрігерлік амбулатория ашылды.
* * *
Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылар үшін салынған 124 пәтерлік 62 жаңа тұрғын үйдің кілтін иелеріне табыстады.