Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Инженерлі-технологиялық институтының «Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасының студенттері Қызылорда облысы бойынша экология департаменті зертханалық – талдамалы бақылау бөлімінің зертханасына экскурсия жүргізді.

Бүгінде Департаменттің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан «ГАЗ-27057-758» маркалы автокөлігінде орнатылған жылжымалы экологиялық лаборатория  қолданысқа берілген.

 Зертхана қазіргі заманға сай жаңартылған заманауи құралдармен жабдықталған. (Спектрофотометр ПЭ-5400УФ, Метеометр МЭС-200А, Газоанализатор OPTIMA, Портативный кондуктометр АНИОН-7051, Газоанализатор «Полар ExT», Газоанализатор Автотест-01, Спектрофотометр DR-3900HACH, Газоанализатор ГАНГ-4, Дозиметры-радиометр ДКС-96, МЕТА-01МП 0.2 Т).

Студенттерге сынама алу тәртібі, оларға талдау жүргізу жұмыстарына кеңінен тоқталып, түсіндірілді.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Искаков Алмас Илиясұлы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Инженерлі-технологиялық институтының «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» БББ-ның «Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жүрген студенттерімен кездесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Экологиялық сағат» өткізді.  

Іс-шараға университеттің аталған институт эдвайзері Кужамбердиева Светлана Жүргенбайқызы қатысты. Кездесу барысында экологиялық мәселелер қозғалып, экологиялық мәдениетті арттыруға ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, жастардың экологиялық акцияларға қатысу секілді маңызды мәселелер талқыланды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша өз ойларымен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша, студенттер экологиялық жобаларға волонтер ретінде қатысуға және «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға әзір екенін білдірді. 

Облыста көгалдандыру жұмыстары аясында ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Акция соңында департамент қызметкерлері «Тал егу» жұмыстарын жүргізді.

Айта кету керек, санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары облыстың барлық елді мекендерінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың басынан бері аталған іс-шараларға 110 226 ерікті, қоғам қайраткері, бюджеттік сала және кәсіпорын қызметкері қатысты.

Нәтижесінде 3 897 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 373 сквер мен саябақ, 152 тарихи және мәдени ескерткіш, 1520 әлеуметтік нысан (мектептер, балабақшалар, спорттық, медициналық және басқа нысандар), 732 өндірістік және шаруашылық нысан, 322 су объектісі (өзендер, көлдер, жасанды су қоймалары, фонтандар, арықтар және басқалары), 3467 аула мен көше тазартылды. Осы жұмыстар үшін 929 бірлік техника жұмылдырылды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған