Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» деген болатын.

«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын ұрпақ санасына кеңінен сіңіру, насихаттау, қарапайым еңбек адамдарын дәріптеу – біздің басты мақсатымыздың бірі!

Сыр елінің даңқын асқақтатқан дала академигі Ыбырай Жахаев бас­таған 102 Социалистік және тәуел­­сіздік жылдарындағы 7 Қазақстан­ның Еңбек Ерінің жетістіктері
аңыз­­ға ай­налды.

Саналы ғұмырын мемлекет ісіне арнап, туған жеріміз Сыр өңірі үшін аянбай еңбек еткен, ардақты ардагер ағаларымыз бүгін ортамызда.

Облысымыздың дамуына қосқан орасан зор үлестеріңіз үшін оларға барша Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды білдіремін.

Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде соңғы жыл­дары байыпты бастамалар қолға алынып, жаңа жобалар сәтті жүзеге асуда.

Облысымыздың бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңгеге жетіп,  2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Бұл қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталуда. 2021 жылы өңірімізге 308 млрд. теңге инвестиция тартылса, биылғы жылы 720 млрд. теңге тартылады.

Облыс экономикасының негізі саласы- агро­өнеркәсіп кешені де қарқынды дамуда. Соңғы 3 жыл ішінде мемлекет тарапынан аграрлық саланы қолдауға 43млрд. теңге қаржы бөлінді.

Шаруашылықтар есебінен 41млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығының машина-трактор паркі жаңар­тылуда. Соңғы 3 жылда 21 млрд. 800 млн. теңгеге 647 техника алынды.

Осы жылы 4 млрд. 700 млн. теңгеге 139 ауыл шаруашылығы техникалары алынып, машина-трактор паркі жаңаланды.

Биыл сала бойынша 8 млрд. 800 млн. теңгені құрайтын  16 инвестициялық жоба жүзеге асы­рылуда. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемі жыл сайын артып, осы жылы 234 млрд. 800 млн. теңгеге жетеді.

Аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жаңа белеске шығып, барлық негізгі көрсет­кіштерде оң серпін сақталуда.

Өңірдің экономикалық, экологиялық жағдайы, халқының тыныс-тіршілігі Сырдария өзенінің деңгейіне тікелей байланысты.

Соңғы жылдары орын алған су тапшылығы әсерін Сыр диқандары да сезінуде.

Биылғы күрделі вегетациялық кезеңде қабыл­данған нақты шаралардың арқасында егілген егіс сумен толық қамтамасыз етілді.

Президентіміздің тапсырмасына сәйкес айма­ғымызға Премьер-Министр бастаған Үкімет делегациясы арнайы келіп, шаруалардың жағдайы­мен, егістің жай-күйімен танысты.

Бірнеше мәрте Су ресурстары және иррига­ция, Ауылшаруашылығы министрлері жұмыс сапарларымен келіп, су нысандарының жұмы­сын, суару кезектілігінің тиісті деңгейде ұйымдас­тырылуын күндіз-түні бақылауда ұстады.

Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан еліміздің барлық өңірлерінен 139 қызметкерден құралған жеке құрам, 25 насос қондырғылары көмекке жеткізіліп, 2 ай бойы шаруалардың игілігі үшін үлкен жұмыстарды атқарды.

Президентіміздің тапсырмасымен Үкімет резервінен  53 насос қондырғыларын алуға 1 млрд. теңге бөлінді.

Дер кезінде қабылданған батыл шешімдердің нәтижесінде егіс алқаптары сумен қамтамасыз етіліп, егінді шығынсыз алып қалуға барынша жағдайлар жасалды.

Бүгінде, осы қолдаулардың арқасында ер­те көктемнен қара күзге дейін күннің ыс­тық­-суы­ғына қарамай еңбек еткен Сыр диқандары межелі өнімге қол жеткізуде.

Жыл сайын «Алтын күз» мерекеcін тойлаудың игі дәстүрін жалғап, адал еңбегімен төрге шыққан озаттарды марапаттаудың алтын арқауын үзбей келеміз.

Еңбек адамдарын құрметпен марапат төріне шығару – біз үшін үлкен мәртебе.

Сыр диқандарымен биыл 189 мың 600 гектар егін, 80 мың 900 гектарға күріш дақылы егілді.

Бүгінде әр гектардан 58,1 центнерден өнім алынып, 470 мың тоннаға жуық астық жиналды.

Су ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу, су жүйелерін цифрландыру – бүгінгі күннің басты талабы. Су шығынын азайту мақсатында егістік жерлерде кеңінен жүргізіліп жатқан лазерлік тегістеу жұмыстары өз тиімділігін көрсетті.

Биылғы жылы диқандар күріш егістіктерінің 60 мың гектарын лазерлік тегістеуден өткізіп, нәтижесімен суды үнемдей отырып, өнімділікті 30 пайызға арттырды.

Президентіміздің тапсырмасына сәйкес облыс­тың өсімдік шаруашылығын әртараптан­дырып, су үнемдеу технологиясын кеңінен енгізуге бағыт­талған мемлекеттік қолдау шараларына алдағы 3 жылға 34 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның ішінде, келесі жылға су үнемдеу технологияларын мемлекеттік қолдауға 9 млрд. теңге қарастырылды.

Бұл – Мемлекет басшымыздың Сыр дихандарын ерекше қолдауы.

Биыл су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі 8 мың 100 гектарға жеткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артты.

Шиелі, Қазалы, Арал аудандарында шетелдік компаниялардың қатысуымен су үнемдеу техно­логияларын қолдану арқылы жүгері, жоңышқа дақылдарын егу бойынша 3 ірі жоба жүзеге асуда.

Өсімдік шаруашылығын әртараптандырып, монодақыл күріштен басқа суды аз қажет ететін дақылдардың көлемін арттыру – заман талабы.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған