Жыл сайын миллиондаған адамдар медициналық диагностикалық процедуралардан өтеді: КТ, ПЭТ және басқа да әдістер. Біз үшін бұл бұрыннан таныс болып саналады. Сонымен қатар, ядролық медицина ауруларды анықтап қана қоймай, оларды емдеуге көмектеседі, миллиондаған адамдардың өмірін сақтайды. Радиофармпрепараттар арқылы ең көп таралған қалқанша безінің обыры, простата обыры, бауыр обыры, нейробластома, лимфома секілді онкологиялық аурулардың көпшілігі емделеді. Қазақстанда медициналық радиоизотоптарға деген ішкі қажеттілікті қанағаттандыру үшін Ядролық физика институтының зерттеу реакторы базасында өз өндірісі ұйымдастырылған.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған