Сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Осы аталған салада Заңның мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлықтардан туындайтын қауіп қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі – ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді.Онымен күрес әрбір азамат үшін ортақ парыз. Аталмыш заңсыздықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілген.
Қоғамның барлық саласына еніп бара жатқан, оған батыл тосқауыл қойып, зардаптарын жою және мүдделерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Осындай келеңсіз құбылыстармен үздіксіз күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы деп ұғынған жөн.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз», – деді. Себебі, сыбайлас жемқорлық қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді, жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
Сонымен қатар Президент «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажет. Бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек, сондай-ақ, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек», – деді.
Құлқынның қамын ойлағандардың теріс әрекеті кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе, ымырасыз күрескеніміз дұрыс.
Сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмау, түптеп келгенде, әркімнің ар-ожданы, ерік-жігеріне де байланысты екенін естен шығармаған жөн.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
жетекші маман сот приставы Н.Жахудаев