Зардап шеккен азаматтарға ҮКІМЕТ тарапынан берілетін көмек

Қалпына келтіруге жатпайтын тұрғын үйлердің орнына ДАЙЫН БАСПАНА САТЫП АЛУ немесе ЖАҢАСЫН САЛУ;

Саяжай үйлері бойынша өтемақы мөлшері 100 АЕК-ке дейін болады. Бұл ретте, егер саяжай жалғыз баспана немесе зардап шеккендер халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын болса, онда әкімдік басқа тұрғын үй беру мүмкіндігін қарастырады;

100 АЕК мөлшерінде БІРЖОЛҒЫ ӨТЕМАҚЫ төленеді;

Өлген малдың нарықтық құны туралы қолда бар деректер негізінде шығынды өтейді;

Зардап шеккен тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өтемақы алу;

Жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтардың несие төлемдері 2024 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін автоматты түрде 3 АЙ МЕРЗІМГЕ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛЕТІН болады;

Уақтылы төлемдерді кешіктіргені үшін зардап шеккен азаматтардың несиелері бойынша АЙЫППҰЛДАР МЕН ӨСІМПҰЛДАР ЕСЕПТЕЛМЕЙДІ;

Су тасқыны шаруашылық қызметін тоқтатуға әкеп соққан барлық зардап шеккен жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілеріне олардың ұсынған өтініштерін ескере отырып, НЕСИЕЛІК ТӨЛЕМДЕР КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛЕДІ (банкке тікелей жүгіну қажет);

Су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер үшін:
− барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ 2024 жылдың 1 наурызы мен 30 маусым аралығында басталатын әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімдері 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін кейінге қалдырылады;
− 2024 жылдың 1 наурызы мен 30 маусым аралығында басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдері 2024 жылдың 1 шілдесіне ауыстырылады;

  • мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етуді және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін тоқтата тұрады.

Бұл көмектің барлығын жергілікті атқарушы органдар орындайды. Яғни жергілікті ӘКІМДІККЕ ЖҮГІНУ КЕРЕК!

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған