Бүгін Қызылорда облыстық сотында судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды талқылау мәселесі бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті.  
Отырыста судьялыққа лауазымға үміткер ретінде 10 кандидатқа қатысты материалдар қаралды.
Кеңес – судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау мақсатында қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құрылатын консультативтік-кеңесші орган. Оның құрамы ерікті негізде отставкадағы судьялардың, заң қоғамдастығының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тең түрде құрылады.
Отырыста кандидаттарды сипаттайтын, олардың моральдық-адамгершілік бейнесін анықтауға мүмкіндік беретін материалдар жан-жақты зерделеніп, олар бойынша сұрақтар берілді.
Кеңес қорытындылары ұсынымдық сипатта болады. Отырыс нәтижесі бойынша кандидаттардың барлығына оң қорытынды берілді. 


Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған