Съезд делегаттары «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі мен Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция форумының қорытындыларын қызу талқылауды жалғастыруда.

Осы орайда бүгін саяси жиынның делегаттары Бақдаулет Махашов пен Жорабек Нұрымбетов «Жан Арай» ЖШС-де еңбек ұжымымен экспромт кездесу өткізіп, тарихи жиынның жаңалықтарымен бөлісті.

«Партия мен ел үшін маңызды әрі тарихи күннің куәсі болдым. Өздеріңізге белгілі қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселесі Мемлекет басшысының әр Жолдауында айтылып, жүйелі жұмыстар арқасында іске асырылуда. Партия съезінде маңызды мәселелер көтеріліп, бірқатар шешімдер қабылданды. Осы орайда әлемдегі аумалы-төкпелі заманда Мемлекет басшысының реформалары жанында ұлт болып ұйысу керекпіз.» деді съезд делегаты Бақдаулет Махашов.
Мұнан соң сөз алған Жорабек Нұымбетов «Съезде қаралған күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің тағы бірі – партиямыздың жаңа Саяси Тұғырнаманың қабылдануы болды. Саяси тұғырнама – ел азаматтары ұсыныс-пікірлерінің бағдаршамы болмақ. Себебі жаңа құжат жұртшылық алдында талқыланып, беделді сарапшылармен сарапталған. Еліміздегі әрбір тұрғынның мәселелері осы құжат көрініс тапты.» деді.

Кездесу барысында ауылшаруашылық саласының жұмысшылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттікке ұсынылуын толық қолдайтындарын айтып, оң көзқарастарын білдірді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған