Облыс әкімі – спорт Жанашыры

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «Қайсар» футбол клубының маусымашар ойынын тамашалап, Батыржан Шалғынбаев атындағы футзалдан республикалық  турнирдің жабылу салтанатына қатысты.

Орталық стадионда биылғы жылдың алғашқы ойыны – «Қайсар»-«Қызылжар» командаларының арасында матч өтті. Ойын «0:1» есебімен аяқталды.

Әрі қарай аймақ басшысы «Евразия» спорт кешенінде өткен жауынгер- интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан дәстүрлі республикалық турнирге қатысушыларды құттықтады. Байрақты бәсекенің өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттауда зор маңызға ие болғанын атап өтті.

– «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында «…Бұқаралық спортты дамыту пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, соның негізінде біз денi сау, әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз», деген болатын. Сіздер Президенттің парасатты бастамасын қолдап, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосудасыздар.

Өңірде спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән берілуде. Қазіргі таңда облыс бойынша 10 денешынықтыру және спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек биыл облыс орталығынан құны 6,9 млрд. теңгені құрайтын көпсалалы спорт кешенінің құрылысын бастау жоспарлануда. Алдағы уақытта жергілікті «Қайсар» футбол клубы үшін заманауи жабық стадион салу жұмыстары демеуші есебінен атқарылуда. Былтыр «Балалар жылы» аясында демеушілер көмегімен 1,6 млрд. теңгенің 80 спорт-ойын алаңы балдырғандарымызға тарту етілді. Бұл халықтың спортпен шұғылдануына, саламатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді», – деді аймақ басшысы.

Биыл 27-ші мәрте ұйымдастырылған турнирге көршілес Өзбекстаннан және еліміздің 6 облысынан 32 команда, 640 спортшы қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған