Ауылшаруашылығы министрлігінің хабарлауынша республиканың жеті өңірінде тасқын салдарынан 5711 бас мал қырылды.

Оның ішінде 1137 ірі қара мал, 4051 ұсақ мал, 457 жылқы және басқа да төрт түлік бар. Бүгінгі күні 1013 бас малдың өлексесі өртелген.

60,0 мыңнан астам жануарлар қауіпсіз учаскелерге көшірілген. Оның ішінде: Ақмола облысы 18,8 мың бас, Қостанай облысы 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облыстарында  10 мың бастан көп, БҚО 4,5 мың бас, Қарағанды облысы 1,5 мың бас малды қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

Министрліктің республикалық эпизоотияға қарсы отряды облыс әкімдіктерімен бірлесіп  жануарлар өлекселерін жинау және жою жұмыстарын жүргізуде. Жалпы іс-шараларды жүргізу үшін тиісті 90 бірлік техника, қызметкерлер штаты және жою шаралары үшін қажетті дезинфекциялық заттар қаралған.

Сондай-ақ жануарлар иелеріне өтемақы төлеуге қатысты тиісті алгоритм әзірленген.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған