Қазақта «әкім бол халқыңа жақын бол» деген сөз бар. Жұртшылық арасында «Әкім» сөзіндегі төрт әріп «әділдік, кішіпейілділік, іскерлік, мейірімділік» атты төрт ұғымды білдіреді деген пікір бар. Ауылдан облысқа дейінгі қолына билік тізгіні сеніп тапсырылған лауазым иелерінің бойларынан халық тап осындай тамаша қасиеттерді көргісі келетіндігі анық. Тек сол төрт талап үдесінен түгел көрініп, абырой беделге бөленіп жүрген әкімдердің саусақпен санарлық екендігі жасырын емес.

«Әкім елмен етене араласып, бұқараның мұң-зарына дер кезінде назар аударғаны жөн. Сонда тұрғындардың билікке деген сенімі нығайып, тұрақтылық тұғыры беки түседі. Ол үшін шенеуніктер әлеуметтік желіні тиімді пайдаланып, жұртпен тікелей қарым-қатынас орнатуы тиіс». Бұл – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы. Мемлекет басшысының бастамасы әлемдік тәжірибеде сыналып, тиімділігі дәлелденген дүние. Әлемдік дейміз-ау, өзіміздің елде де әлеуметтік желі арқылы халық ықыласына бөленіп үлгерген лауазымды тұлғалар бар.

Қызылорда қаласының әкімі Серік Қожаниязова та әкім болып тағайындалғаннан кейін «Facebook» әлеуметтік желісінде өзінің жеке парақшасын ашып, халықпен тығыз қарым-қатынаста болғысы келетінін көрсете білді. Мәселен әкім парақшасына тұрғындар өздерінің мәселелерін жазады. Серік Салауатұлы әр тұрғынның пікірі маңызды екенін ескеріп, қарапайым тілде тұрғын пікіріне өзі жауап беріп, мәселелердің шешілетінін жеткізіп отыр.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған