КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының мәжіліс залында облыстық филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы көшпелі отырыс өткізді.

Жиынға аудандық партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңес төрағалары мен мүшелері және партия белсенділері қатысты.
Отырыс барысында Мақсұт Ыбырайханұлы Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағыттында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып, өңірде жүзеге асырылып жатқан кең көлемді жобаларға тоқталды.

Кеңес төрағасына партия белсенділері тарапынан бірнеше сұрақтар мен ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта мәселелер бойынша зерделеу жұмыстар жүргізілетіндігі айтылды.

#AMANAT

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған