ҚАЗАЛЫДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалының мәжіліс залында аймақтық қоғамдық кеңестердің жұмыс жоспары пысықталып, партия жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар тыңдалды.

Жиынға облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы және аймақтық экологиялық қоғамдық кеңес төрағасы Нұрбол Аппазов арнайы қатысып, партия белсенділерімен алдағы атқарылар жұмыстарды талқылады.

Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы, облыстық, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңес төрағалары мен партия ардагерлері мен белсенділері қатысты.

Мұнан соң кезекті кездесу жиыны «Қазалы» БПҰ орналасқан Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінде жалғасты.

Кездесулерде аудан бойынша бірқатар өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда Әйтеке би кентіндегі 5 кварталға өтетін аспалы көпір салу, электр желілерінің тозу деңгейінің алдын алу, Әйтеке би кентіндегі жылу электр орталығына жөндеу жұмысын жүргізу, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, ауыл жастары саясатын дамыту, елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету сынды т.б. мәселелер айтылып, ұсынымдар қабылданды.

#AMANAT

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған