Халықаралық донорлар күні қарсаңында «AMANAT» партиясы қалалық филиалының ұжымы Облыстық медициналық орталығында болып, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділерімен біріге қан тапсырды.Дәрігерлердің арасында әсіресе I топтағы қан сұранысқа ие. Сәйкесінше аталған топтағы қан да көп болуы қажет. Қан доноры болу – қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатына үлес қосатын батыр болу.Жыл сайын Дүниежүзілік донор күнінде барлық қазақстандық қан орталықтары мерекелік іс-шаралар, құрмет көрсету, қан донорларына арналған концерттер ұйымдастырады. 40 донацияға жеткен донорлар төсбелгілермен, Денсаулық сақтау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың алғыс хаттарымен марапатталады. Донациялар саны аз белсенді донорлар да қан орталықтарының грамоталарымен марапатталады.

#AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған