Президент Қ.ТОҚАЕВ: Біз үшін бұл өзгерістерді жалпыұлттық диалог арқылы жүзеге асыру өте маңызды. Осы мәселеге байланысты Парламенттің рөлі әлдеқайда жоғары болмақ. Сондықтан, келе жатқан Парламенттік сайлауға мен өзім Мемлекет басшысы ретінде айрықша мән беріп отырмын. Бұл сайлау еліміздің заңына сәйкес әділ және ашық өтуге тиіс.

Азаматтардың лайықты белсенділігі болмаса, еліміз озық болмайды. Бұл – ақиқат. Дегенмен, азаматтарымыз, ең алдымен, еліміздің алдында жауапты болуға тиіс. Қоғамда заң бірінші орында тұруы керек. Заңның үстемдігі және қоғамдағы тәртіп – еліміздің тұрақтылығының кепілі. Тұрақтылық болмаса, Қазақстан ойдағыдай ілгері баса алмайды. Аймақтағы басты рөлін атқара алмайды. Негізгі мақсатымыз – Әділетті Қазақстанды құру.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған