Қызылорда қалалық сотына талап қоюшы  Б. жауапкер «Қ» АҚ-нан жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күшін жою, бұрынғы жұмыс орнына қайта орналастыру және лажсыз бос жүрген уақытына жалақыны өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.

Өзінің талап қоюында талап қоюшы Б. жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылатын негіздерге байланысты еңбек шартын бұзу кезінде жұмыскерді кемінде бір ай бұрын хабардар етілмегендігін көрсеткен.

Істі сотта қарау барысында жұмыс берушінің тарапынан Еңбек Кодексінің 13-бабы, 52-бабы 1-тармағының 1) және 2)-тармақшаларында көзделген негіздер бұзылғаны анықталды.

Сот шешімімен талап қоюшы Б-ның талап қоюы  қанағаттандырылып, жауапкер «Қ» филиалының бұйрығы заңсыз деп танылып, күші жойылып, талап қоюшы Б.  телеграфист лауазымына қайта орналастырылып, лажсыз бос жүрген уақытына орташа жалақысы 1 045 242 теңге өндірілді.

        Қазақстан Республикасының  Конституциясының 24-бабына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Осылайша, жұмыскердің еңбек құқығы заңмен қорғалды

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған