«AMANAT» партиясының халықтық қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы оқу семинары жалғасып жатыр. Қатыушылар бюджетті есептеуді, кірістер мен шығыстарды салыстыруды, жеке қаржыны және депозиттер, несиелер, ипотека және т.б. қаржы құралдарын басқаруды үйренуге ынталы.

Бүгін партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова 20-ші апталық семинарға қатысушылармен кездесіп, жобаның тиімділігін кеңінен жеткізді. Сонымен қатар оқу курсын табысты аяқтаған азаматтарға сертификаттар табыстады.

Ағымдағы аптада қаржылық оқу курсына медицина саласының мамандары қатысып, білімін арттырды.

#AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған