Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы А. жолаушылар поезында келе жатып, алкогольдік масаң күйде болып, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, жолаушы орнында кіші дәретке шығып, сәйкесінше ластаған.  

Құқық бұзушы А. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен келісетінін, жолаушылар пойызында алкогольдік масаң күйде болғандықтан, болған жағдай есіне түспей тұрғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін көрсетті.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол  5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған