Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі С.Ә.Тоқтыбаевтың Қызылорда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткізген брифингінде «Қарасора-2025 жедел профилактикалық іс-шарасының қорытындысы» мәлім болды.

Оның айтуынша Министр­ліктің тапсырмасын іске асыру мақ­са­тында облыс көлемінде 1-ші маусым мен 31-ші қазан аралы­ғында «Қарасора-2025»жедел профи­лактикалық іс-шарасы өткізілген.

Оған барлығы 93 қызметкер, 7 қызметтік іздестіру иті, 28 автокөлік, Ұлттық ұланның әскери тік ұшағы жұмылдырылып, 6 жылжымалы мобильді бекет қойылды.

Іс-шара кезінде барлығы 166 есірткі құқық бұзушылықтары анықталса, оның 60 дерегі есірткі өсіру, оның ішінде далалық аймақта 25, үй ауласында 35, 12 дерегі есірткі өткізу, 2 дерегі есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 1 дерегі есірткі психотроптық заттарды тұтынуға көндіру, 3 дерегі есірткі жарнамалау және 88 дерегі есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар болған.

Заңсыз айналымнан 1 тонна 543 келі 914 грамм есірткі заты, оның ішінде 1 тонна 389 келі 199 грамм сора өсімдігі, 143 келі 446 грамм марихуана, 258 грамм гашиш, 8 келі 668 грамм көкнәр өсімдігі, 2 келі 663 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді.

Есірткі өсірумен айналысқан 47 адам құрықталып, оның  24-і қамаққа алынды.

Әскери тік ұшақ техникасымен 26 мәрте әуеден шолу жүргізіліп есірткі өсірудің 20 дерегі анықталды. Мобильді бекеттерде қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен есірткіге қатысты теріс қылықтардың 31 дерегі анықталды .

Жалпы 10 мың 345 түп сора өсімдігі анықталып, қыркүйек, қазан айларына дейін пісіп-жетілгенінде әр түптен шамамен 500граммнан есептегенде 5 тоннаға жуық марихуананың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді. Осылайша мыңдаған азаматтардың денсаулығы мен отбасыларының тағдыры қорғалған.

С.Тоқтыбаев есірткі жолына түскен әрбір адам жазадан құтылу мүмкін еместігін түсінуі тиіс, – дейді. Сондай-ақ іс-шара аяқталғанымен бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беретінін ескертті.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған