Сот сарапшысы қызметі оңай жұмыс емес. Оның мақсаты – сараптамаға алған затты жан-жақты зерттеп, ол туралы толық сипаттама беру. Жақсы сарапшының бойында, ең алдымен, әрдайым өсуге деген талпыныс болуы керек. Көптеген жағдайда сарапшының қорытындысы арқылы іске нүкте қойылады. Сондықтан, біздің институт сарапшылары біліктіліктерін тұрақты түрде арттырып, заңмен белгіленген шектен шықпау үшін заңгерлік мәселелерге үнемі қызығушылық танытып отырады. Қысқасы, қызылордалық сарапшылар өз жұмысының хас шебері екенін байқауға болады.
Өрт сөндіру жағдаяттары және жарылғыш заттарға сараптама жүргізу ауқымды жауапкершілікті талап етеді
Еліміз әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуді мұрат етіп отырған бүгінгі таңда Қазақстанның әр азаматы өз құқығымен қатар, заң нормаларын да жетік біліп, құқықтық сауаттылығын одан әрі дамытуы тиіс.
Бұл – өмір талабы, заман сұранысы. Ал сот сарапшысының басты міндеті – мүдделі мекемелер жинақтаған құжаттарға арнайы білімі мен білігінің негізінде сараптама жүргізіп, істің анық-қанығын егжей-тегжейлі зерделеп, оған шынайы бағасын беру. Бұл – аса маңызды әрі жауапты іс. Себебі, сарапшының берген қорытындысы негізінде әділдік үстемдік құрып, шындық ашылады, қылмыс анықталып, кінәлі жазаланады.
Заман ағымына қарай кейбір құндылықтар, атап айтсақ, адамдардың бір-біріне деген жанашыр көзқарасы, адалдығы, туыстық, сыйластық қарым-қатынасы жоғалып бара жатқаны жалған емес. Бұрын жалғандыққа жаны қас халқымыз туралықтан ауытқып, кей азаматтардың жасаған қылмыстарын жасыру мақсатында жалған куәлік беріп, анықтаушыларды, тергеушілерді, судьяларды неше түрлі шырғалаңға салуы соның бір айғағы деп есептеуге болады. Осы орайда, Қызылорда облыстық Сот сараптамасы институты құқық қорғау органдарының тапсырысымен азаматтық және қылмыстық істерде сараптама жасаумен айналысады. Мекемеде аталмыш салада тәжірибесі мол мамандар жұмыс істейді. Сот сараптама беделі бүкіл биліктің абыройы екенін естен шығармаған сарапшы мамандар халықтың ожданы саналатын органға деген ел сенімін биіктетіп келеді.
Бүгінгі күні сот сараптамасы зерттеуі жаңа бағытқа көшті. ЖаҺандық ғылым мен технологияның дамуы арқасында сараптаманы зерттеу жаңа белеске шықты. Оның ішінде Өрт сөндіру жағдаяттары және жарылғыш заттарға сараптама жүргізу ісі белсенді жұмыс істеп келеді. Осы бір көпшілік біле бермейтін қиыншылығы мол қызметімізді оқырмандарымызға парақтап берсек.
Өрт жағдаяттарын сот-сарапшылық зерттеу көбінде азаматтық істер бойынша, сондай-ақ жеке адамға қарсы, мемлекеттің конституциялық кұрылымы мен қауіпсіздігіне қарсы, экономи-калық кызмет аясындағы меншікке қарсы, қоғамдык қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы кылмыстар, көлік қылмыстары жәніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.
Сот өрт-техникалык сараптаманың тақырыбы:
— жанудың пайда болу және ерістеу себептерін;
— ерттің өрістеу механизмін;
— өрттің пайда болуына себебін тигізетін жағдайларды анық-таумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.
Сараптаманын объектілері:
— өрт орны;
— жоғары температура әсеріне ұшыраған ғимараттар мен үй-жайлардың құрылымдык элементтері;
— өрт орнында табылған заттар, материалдар, бұйымдар, жылу құрал-жабдыктары;
— электржылытқыш аспаптары, электр сымдары;
— жану және тез тұтанғыш сұйықтық іздерінің болуы тура-лы болжам жасалынатын әр түрлі жеткізгіш-заттар;
— балқу іздері бар электр сымдары мен кабельдердің үзінділері;
— апаттық режим белгілері бар электр қорғау кұралдары, электр коммутаторлар;
— салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер;
— сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.
Сот өрт-техникалық сараптаманың ғылыми-әдістемелік негіздері жану процесінің пайда болуы мен өрістеуінің зандылықтары бар сарапшылық білім саласын құрайды. Зерттеу әдістемесіне криминалистік, техникалық, математикалық және өзге де әдістер кіреді.
Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың ауқымы мынадай:
1. Өрт ошағы кайда орналасқан?
2. Нақты орын өрт ошағы болып табыла ма?
3. Жанудың таралу жолы қандай?
4. Осы электр қорғау аппараттары кандай тоқта іске қосылуға есептелген?
5. Сақтандырғыштар мен автоматты ажыратқыштар объектінің электр жабдығын артық жүктелуден, қысқа тұйықталу ток-тарынан қорғап қалуы мүмкін бе еді және олар өрттің пайда болуымен себептік байланыста болуы мүмкін бе?
6. Өрттің басталу сәтінде кернеу тұрақтандырғышы қандай техникалық күйде болған және розеткіге қосылған күйде қалған тұрақтандырғыштан өрттің себебі болуы мүмкін бе?
7. Электр жабдығының күйі өрттің пайда болуымен себептік байланыста болған ба?
8. Өрт жағдайында жанып жаткан объектінің электр қондырғылары кернеулі токта болған ба?
9. Ұсынылған заттай дәлелдемелерде апатты жұмыс режимінің белгілері бар ма (балқу, тоқтың артық жүктелу іздері және қысқа тұйықталу)?
Осы белгілер және қосымша зерттеулер өрт жағдаятары анықтауға жауап береді.
Ал, Сот сарапшылық жарылыс техникалық көбінде жеке адамға қарсы, мемлекеттің конституциялық құрылымы мен қауіпсіздігіне қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша, сондай-ақ көлік қылмыстары, әскери қылмыстар бойынша жүргізіледі.
Сот жарылыс техникалық сараптаманың жалпы тақырыбы мыналарды құрайды:
Жарылғыш құрылғылардың (оқ дәрі қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар), жарылғыш заттар мен жару құралдарының топтық қатыстылығы мен шығу көзін;
Жарылысты дайындау мен жүргізуді анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.
Сараптаманың объектілері: жарылыс әрекеті бар (миналар, гранаталар, бомбалар) штаттық оқ дәрілер және қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар, негізінде, өзінің құрылымы, мақсаты мен әрекет принципі бойыша инженерлік миналар мен қол гранаталары; жарылғыш заттар (әскери, өндірістік немесе жан-жақты мақсаттағы) мен дәрі, жару құралдары; жарылыс өнімдері мен оның әрекетіне ұшыраған объектілер болып табылады.
Сот жарылыс техникалық сараптаманың түр-тармақтары былай бөлінеді:
Жарылыс жүйелерін зерттеу;
Имитациялық құралдарды, ұңғылы артилерия оқ дәрілері мен инженерлік оқ дәрілерді зерттеу;
Пиротехникалық құралдар мен қоспаларды зерттеу;
Жарылыс орны мен жарылыс іздерін зерттеу.
Сот жарылыс техникалық сараптаманың ғылыми әдістемелік негіздері жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарды, сондай-ақ жарылыстарды әзірлеумен және пайдаланумен байланысты технологиялық процесстер заңдылықтары тақырыбы бар сарапшылық білім саласын құрайды.
Сот жарылыс техникалық сараптаманы жүргізу үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері үшін ұсынылатын материалдар істің мән-жайы, объектілердің және сарапшының шешуіне қойылатын сұрақтардың сипатымен анықталады.
Жарылмаған ЖҚ, ЖЗ, ЖҚ, ЖҚҚ, ИҚ, ПҚ, артиллериялық және инженерлік оқ дәрілерді жолдағанда сарапшыға:
Қарау және табу сәтінде оларды пайдалану үшін қауіпсіз жағдайға келтірілген объектілердің өзі;
Оларды табудың мән жайы және қауіпсіз жағдайға келтірілгені туралы деректер көрсетілген тергеу әрекеттері хаттамасының көшірмелері;
Сезіктіден табылған заттай дәлелдемелердің сұлбалары, суреттері, есептеулері, техникалық сипаттамалары; сезіктінің дайындаған ЖҚ, ЖЗ, ЖҚ, ИҚ, ПҚ макеттері ұсынылады.
Болған ЖЗ, ЖҚ мен ЖҚ жарылыстары туралы материалдарды жолдау кезінде оқиға орнын қарау хаттамасының көшірмесі; хаттаманың қосымшалары; оқиға орнынан алынған объектілер; сот медициналық сараптама қорытындысы; жарылыстың не оның зардаптарын бақылаған адамдардан жауап алу хаттамалары; жауап алу хаттамалары ұсынылуы керек.
Жалпы бөлініске түскен Сот технологиялық және өрт-техникалық, жарылыс техникалық сараптама жасауға келсек.
Ол төрт топқа бөлінеді. Атап айтсақ: Сот технологиялық сараптама, Сот өрт-техникалық сараптама, Сот жарылыс техникалық сараптама және Сот технологиялық сараптама.
Енді осыларды тарқатсақ.
Сот-сарапшылық технологиялық зерттеуі көбінде азаматтық істер бойынша, сондай-ақ экономикалық қызмет аясындағы меншікке карсы, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы кылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.
Сот технологиялық сараптаманың такырыбы қандай да бір өнімді дайындау технологиясымен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.
Сараптаманың объектілері:
– материалдар (шикізат);
– жартылай өнімдер;
– бұйымдар (кеңінен тұтыну және өндірістік-техникалық мақсаттағы);
– өндіріс қалдықтары;
– дайын өнім (жартылай өнім) үлгілері;
– технологиялык процесте пайдаланылатын механизмдер мен құрылымдар;
– технологиялық құжаттамалар (өндірістің технологиялық сызбасы, технологиялық есептеулер, жолсапар карталары, гра-фиктер), дайын өнімге нормативтік құжаттама (ГОСТ, ТУ, ОСТ) және өзге де кұжаттамалар (ілеспе құжаттар, сертификаттар, шарттар);
– салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер;
– сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.
Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың ауқымы:
Зерттеуге ұсынылған материалдардың (шикізаттың), бұйымдардың табиғаты және олардың мақсаты қандай?
Бұйымдардың дайындалу тәсілі, мақсаты, қолдану аумағы қандай?
Өнімнің (бұйымның) сапасы ілеспе құжаттарда (сертифи-катта) керсетілген талаптарға, нормативтік талаптарға немесе шарт талаптарына сай ма?
Өнімнің нашар сапасы, оның ақаулары сақтау және тасы-мадцау шарттарын бұзудың салдары болып табылмай ма?
Өнімді (бұйымды) өндірудің технологиялық режимдерінен ауытқу болған ба, егер болса, олар өнімнің (бұйымның) жарамсыз болған ақауларымен себептік байланыста ма?
Осы өнімнің шығу көзі қандай (дайындаушы-кәсіпорын, технологиялық жолы, нақты механизмі)?
Объектілердің технологиялық күйі қандай?
Нормативтік ережелерге қатысты объект калай жұмыс істеу керек (объект монтаждау және орнату талаптарына сай ма)?
Объектінің функционалды касиеттерінің бұзылу себебі неде деген сұрақтарды құрайды.
Жалпы сот сараптамасындағы өрт жағдайлары мен жарылғыш заттарға сараптама жүргізу үлкен жауапкершілікпен қарайтын әрі өте күрделі сараптама түрі. Сондықтан зерттеу барысында ұқыптылықты, ұсақ заттарға дейін мұқият қарауды талап етеді.
Жалпы Сот сарапшысы қызметі оңай жұмыс емес. Оның мақсаты – сараптамаға алған затты жан-жақты зерттеп, ол туралы толық сипаттама беру. Жақсы сарапшының бойында, ең алдымен, әрдайым өсуге деген талпыныс болуы керек. Көптеген жағдайда сарапшының қорытындысы арқылы іске нүкте қойылады. Сондықтан, біздің институт сарапшылары біліктіліктерін тұрақты түрде арттырып, заңмен белгіленген шектен шықпау үшін заңгерлік мәселелерге үнемі қызығушылық танытып отырады. Қысқасы, Қызылордалық сарапшылар өз жұмысының хас шебері екенін байқауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Нормативтік – құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж. 30.08.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі
3. Закон РК «О судебной экспертизе» Алматы. 12.11.97.
4. Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот сараптамасын жүргізу
5. Ғылыми және оқулық әдебиеттері
А.Маделханов
Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары Институтының директор орынбасарының м.а.