Қазақстан Халық партиясының Қызылорда облыстық филиалы «Халық үні» жобасы аясында «Өрт қауіпсіздігі: ҚХП өңірлік мониторингі және алдын алу шаралары» атты дөңгелек үстел өткізді.
Басқосудың мақсаты – өңірдегі өрт жағдайының қазіргі ахуалын бағалау, негізгі мәселелер мен осал тұстарды талқылау, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдармен, тұрғындар қауымдастығымен және азаматтық қоғам өкілдерімен бірлескен тәжірибелік шешімдерді қарастыру болды.
Іс-шараға Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, ПИК және ОСИ басшылары, ҚХП белсенділері мен еріктілері, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы сарапшылар қатысты.
Дөңгелек үстелде тұрғын үй секторы мен жеке үйлердегі өрт қауіпсіздігі, орман алқаптарындағы алдын алу шаралары, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, ҚХП жүргізген ақпараттық-түсіндіру науқанының нәтижелері мен халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жолдары айтылды.
Іс-шара соңында қатысушылар өңірде өрттің алдын алу бағытында бірлескен іс-қимылдарды күшейту жөнінде бірқатар ұсыныстар қабылдады.