Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жедел мәжілісте мереке күндері тіршілікті қамтамасыз ететін қызметтердің үзіліссіз жұмыс істеу керектігі айтылды. Облыс әкімі жауапты басшыларға қоғамдық маңызы бар мәселелерді бақылауда ұстауды тапсырды.

«Мереке күндері тіршілікті қамтамасыз ететін нысандар қалыпты жұмыс істеуі тиіс. Бұл үлкен жауапкершілік пен ұдайы бақылауды қажет етеді. Сондықтан мұқият болуды тапсырамын. Қала, аудан әкімдері, басқарма басшылары өз салаларыңыз бойынша жағдайды күнделікті қадағалаңыздар», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Өңірде азық-түлік тауарларының бағасы, сұйытылған газ, жанар-жағармай, көмір қоры, қысқы демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіздігі, Сырдария өзеніндегі мұз ұстасуы, елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу барысы жіті назарда болуы тиіс. Аймақ басшысы осы мәселелер бойынша тиісті тапсырма беріп, қадағалау жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған