Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің психолог мамандарының ұйымдастыруымен оқшауланған аймақта қалдырылған сотталған азаматтар арасында психологиялық тренинг өткізілді.

          Бұл тренингке, Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының инспектор психолог маманы арнайы шақыртылып, «Адамның құндылығы», «Отбасы», «Менің өмірімдегі маңызды тұлға» тақырыбында тренинг ұйымдастырып, сотталған азаматтардың өмірге деген көзқарасын бейімдеп ғана қоймай, бостандықтан кейінгі өмірде реттілікті қалыптастыра білудің маңыздылығын жеткізді. Сонымен қатар, жазасын өтеуші азаматтар ой елегінде жүрген көкей тесті сауалдарын қойып, жауап ала білді.

          Айта кетейік, оқшауланған аймаққа қалдырылған сотталған азаматтар арасында, босатылуына санаулы уақыттар қалған жазасын өтеуші азаматтар бар. Сондай-ақ, оларға мемлекет тарапынан берілетін грант және жұмыспен қамтамасыз ету т.б бостандықтан кейінгі өмірдің маңыздылықтары айтылды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған