Қала тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында биыл Қызылорда қаласында инвестициялық бағдарлама аясында 21,5 шақырым әуе желісі мен 3 дана қосалқы станция жаңғыртылуда. Электр желілерінен бөлек, 1,2 шақырым кабельдік электр желілері де жөнделмек.

Жалпы, электр желілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары қаланың Южный, Жаңа базар аумағы, «Достық үйі» маңы, Шымбай көшелерінде жүргізілуде.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында 1777 дана заманауи талапқа сай электр энергиясын есепке алу аспаптары орнатылады және АСКУЭ жүйесіне қосылады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған