Қызылорда қаласында Қазақстан Халық партиясы Жақтастарының форумы өтті. Форум халық пен партияның байланысын күшейтіп, маңызды мәселелерді талқылауды және алдағы мақсаттарды айқындауды көздейді.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған «Еңбек адамы – 2025» республикалық байқауы аяқталып, түрлі салада үздік атанған мамандар марапатталды. Сонымен қатар, жаңа партия мүшелеріне партиялық билеттер табысталды.
- ашық диалог
- нақты шешімдер
- қоғамды өзгертуге дайын жастар мен тәжірибелі мамандар — бәрі бір ортада, бір мақсатта.
Форумда еліміздің әлеуметтік мәселелері, аймақтардың дамуы, азаматтардың құқықтары мен күнделікті өмірін жақсарту жолдары талқыланды. Әр спикердің ойы – нақты, мәселеге бағытталған, ал қатысушылардың энергиясы – ерекше.
Күш әрқайсымызда!







